21-желтоқсан
күні мектебімізде «Білім кемесіндегі Сіз
бен Біз» атты 5-сынып ата-аналарына арналған ашық есік күні өткізілді.
Ашық есік күнінің мақсаты –
бастауыш сынып пен негізгі буын арасындағы сабақтастықты нығайту.
Шара аясында математика пәнінің
мұғалімі Д.Қ.Айтбаева 5 «А» сыныбында «Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу
және азайту», қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің
мұғалімі А.С.Садыкова 5 «Ә»
сыныбында «Дүние қалай етсең табылады?» тақырыбында ашық сабақтар, I деңгейлі мұғалім
Г.Ұ.Қанимағанбетова мен III деңгейлі мұғалім Г.Қ.Қарабатырова «Критериалды
бағалау» тақырыбында коучинг, педагог-психолог Т.Г.Латипова «Оқушылардың орта
буынға өтудегі бейімделуі» атты тренинг өткізіп, кофе-брэйк ұйымдастырылып, ата-аналар
бүгінгі жүргізілген шараға өз ризашылықтарын білдірді.