Ұйымдар тізімі
/public/files/2026/6/19/190626_130655_whatsapp-video-2026-06-18-at-233145.mp4,Мектебімізде «Тұлға еткен – мектебім» атты 11-сынып түлектеріне жалпы орта білім туралы аттестат тапсыруға арналған салтанатты жиын жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Биылғы оқу жылында мектепті 18 түлек тәмамдап, үлкен өмірге қанат қақты.
Салтанатты жиында «Алтын белгі» иегерлері Сызкен Аяжан мен Қалымтай Елдос, сондай-ақ үздік аттестат иегері Калабаева Адель ерекше құрметпен марапатталды.
Сонымен қатар, Ұлттық бірыңғай тестілеуде 100-ден жоғары ұпай жинаған Жексенбай Ұлпан, Искакова Зарина және Қайролла Мәншүк өздерінің жоғары білім деңгейін дәлелдеп, мектеп мерейін үстем етті.
«Қазақстан Республикасының Жыл үздігі» төсбелгісінің иегерлері Сағындық Нариман мен Қалижан Аннұр да көпшіліктің ыстық ықыласына бөленді.
Салтанатты шара барысында «Жігер» балалар сауықтыру орталығының жаттықтырушысы Сәкен Маралбекұлы Сызкен спорт саласында жоғары жетістіктерге жетіп, аудандық, облыстық және республикалық жарыстарда мектеп намысын абыроймен қорғаған Мәлік Олжас, Наурыз Ақжігіт, Сағындық Нариман және Қалижан Аннұрды ақшалай сыйлықтармен және Құрмет грамоталарымен марапаттады. Ол жас спортшыларға алдағы уақытта да толағай табыстар мен жаңа жеңістер тілеп, биік белестерді бағындыра берулеріне ізгі тілегін білдірді.
Аудандық, облыстық, республикалық және халықаралық деңгейдегі байқаулар мен олимпиадаларда жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылар, сондай-ақ мектеппен тығыз байланыс орнатып, «Даналық мектебі» мен «Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының» жұмысына белсенді қатысқан ата-аналар мектеп директорының Алғыс хаттарымен марапатталды.
Мектеп директоры Эльмира Майданқызы мен аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Шаймерденқызы түлектер аллеясында жас түлектерге ақжарма тілектерін арнап, естелік суретке түсті.
Шара барысында сынып жетекшілері Азатхан Бағдал мен Клара Қанафияқызы өздерінің жүрекжарды лебіздерін білдіріп, түлектерге "Ақ жол" тілеп,лента қиып, жарқын болашаққа сеніммен қадам басып, биік белестерді бағындыруларына сәттілік тіледі.
Мектеп қабырғасынан қанат қаққан түлектерге өмір жолында сәттілік, таңдаған мамандықтарында табыс, армандарының орындалуын тілейміз. Ақ жол, жас түлектер!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...