Ұйымдар тізімі
Алғыс білдіреміз!
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жазғы лагерь тәрбиеленушілеріне танымдық экскурсия өткізуге қолдау көрсеткен ЖК «Сұлтанов Қайрат Абайдоллаға» шынайы ризашылығымызды білдіреміз./public/files/2026/6/19/190626_125338_whatsapp-video-2026-06-19-at-112111.mp4
Сіздің қолдауыңыздың арқасында балалар әскери техникалармен жақынырақ танысып, ұшақтар, танктер және басқа да әскери көліктерді көріп, олардың ерекшеліктері туралы құнды мәліметтер алды. Бұл экскурсия оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, ел тарихы мен Отан қорғаушылардың еңбегіне деген құрметін арттыруға ықпал етті.
Жас ұрпақтың патриоттық рухын қалыптастыруға және олардың қызығушылығын оятуға қосқан үлесіңіз үшін зор алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңізге толағай табыс, отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, игі істеріңізге береке тілейміз! Ізгі бастамаларыңыз әрдайым жалғасын таба берсін!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...