«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Визит -орталығы және Зеренді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне топсаяхат

«Күншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері танымдық топсаяхатқа қатысты
Жазғы демалыс аясында «Күншуақ» лагерінің тәрбиеленушілері экскурсовод Васильев Юрий Михайловичтің жетекшілігімен «Көкшетау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің Визит-орталығына танымдық экскурсия жасады. Балалар өңірдің табиғи байлығы, өсімдіктер мен жануарлар әлемі туралы қызықты мәліметтер алып, экологиялық білімдерін толықтырды.
Сондай-ақ тәрбиеленушілер Зеренді мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде болды.  Қалибаев Қайырбек Әміржанұлы балаларға экскурсия жүргізіп, спорт мектебінің қызметі, жетістіктері және онда жұмыс істейтін спорт секциялары туралы кеңінен таныстырды. Оқушылар спорт залдарын аралап, спортшылардың жаттығу үдерісімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Топсаяхат барысында балалар көптеген пайдалы ақпарат алып, туған өлкенің табиғаты мен спорт саласына деген қызығушылықтарын арттырды. Осындай тағылымды іс-шаралар жас ұрпақтың жан-жақты дамуына және бос уақытын тиімді өткізуіне зор мүмкіндік береді./public/files/2026/6/23/230626_184434_whatsapp-video-2026-06-23-at-173942.mp4


Текст