Егеменді еліміздің өсіп келе жатқан ұрпағын ойлы да іскер, жігерлі де батыл, өзіне-өзі сенімді, интеллектуалдық деңгейі биік, дүниетанымы дұрыс қалыптасқан азамат етіп тәрбиелеуде мектептің алатын орны айрықша.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында өткен тоқсанның қорытындысы бойынша мектебімізде «Парасатты азамат» бұрышы шығарылып , «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы, сенім телефоны орнатылып өз жұмысын атқаруда. Ата-аналар жиналысында мектеп ұжымы мен қызметкерлеріне құқықтық тәрбиелеуде және құқық бұзушылықтарға , оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу керектігі түсіндірілді. Мектеп табалдырығын аттаған жас бала ертеңгі ел тұтқасы десек, оларды парасатты, саналы азамат етіп тәрбиелеу – әрбір ұстаздың борышы. Бүгінгі мұғалім кіші мектеп оқушыларына тек білім беріп қана қоймай, оларды халықтық педагогиканың нәрлі қайнарымен сусындату, әрбір оқушы бойында ұлттық мінез-құлық, адамгершілік, сыпайылық пен кішіпейілділік қасиеттерін қалыптастыруға, баланың жан дүниесін рухани қазыналармен байытуға, қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін меңгертуге тиіс.
Халқымызда «Жас кезінде білім берсең қалайда,Өсе келе қолы жетер талайға » , – деген даналық сөз бар. Бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, халықтың, тұтас бір ұлттың бүгінін ертеңімен жалғайтын алтын көпір, асыл мұраты. Сондықтан ұстаз алдындағы әр шәкірт ата-ананың ғана емес, туған елінің ертеңгі арқасүйер азаматы - адал ұрпағы , өз ұлтының туын көтерер перзенті екенін ұмытпайық.