Ұйымдар тізімі
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ұйымдастырылған жазғы лагерь іс-шарасына қолдау көрсеткен ЖК «Өнер» иесі Өнер Мұратхан мен жұбайы Айнұрға шынайы алғысымызды білдіреміз.
Ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында балаларға ақ дастархан жайып, ыстық бауырсақ пісіріп, тәттілер ұсынып, қымыз бен саумалдан дәм татқызды. Сонымен қатар, жылқы малын сауу үрдісін көрсетіп, оның қыр-сырымен таныстырып, оқушылардың ұлттық мұраға деген қызығушылығын арттыруға зор үлес қосты.
Осындай тағылымды іс-шара арқылы жас ұрпақтың бойына халқымыздың салт-дәстүрі мен қонақжайлық қасиетін сіңіруге атсалысқандарыңыз үшін зор ризашылығымызды білдіреміз. Ізгі ниеттеріңіз бен қолдауларыңызға алғыс айтып, еңбектеріңізге табыс, шаңырақтарыңызға амандық, бақ-береке тілейміз! Ұлттық құндылықтарды насихаттаудағы игі бастамаларыңыз әрдайым жалғасын таба берсін!/public/files/2026/6/19/190626_125600_whatsapp-video-2026-06-19-at-112806.mp4

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...