«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар үшін этноауыл форматында экскурсия ұйымдастырылды

/public/files/2026/6/18/180626_163138_whatsapp-video-2026-06-18-at-132146.mp4

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері үшін Зеренді ауданының Кеңөткел ауылына этноауыл форматындағы бір күндік танымдық топсаяхат ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында оқушылар ауылдың тыныс-тіршілігімен, ұлттық салт-дәстүрлерімен және қазақ халқының тұрмысымен жақын танысты. Балалар жылқы сауудың қыр-сырын көріп, қымыз пісу дәстүрі туралы мағлұмат алып, оған өздері де қатысып көрді. Сондай-ақ ауыл тұрғындарының қатысуымен өткізілген тасаттық рәсіміне куә болып, тайқазанға ет асу дәстүрімен танысты. Ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған шарада оқушылар асық ату, арқан тарту және басқа да ұлттық ойындарды ойнап, көтеріңкі көңіл күй сыйлаған әсерлі күн өткізді.

Осындай мазмұнды әрі тағылымы мол іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне демеушілік көрсеткен «Саматқызы» ЖК, «Болашақ» дүкенінің иесі Дүйсенбай Дильназ Саматқызына, сондай-ақ қолдау білдіріп, ұйымдастыру жұмыстарына атсалысқан Кеңөткел ауылының ата-аналарына шынайы алғысымызды білдіреміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қолдауларыңыздың арқасында балалар ұлттық құндылықтарды тереңірек танып, ұмытылмас әсерге бөленді.

 


Текст