«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Танымға толы экскурсия және балаларға қуаныш сыйлаған игі іс.

Танымға толы экскурсия және балаларға қуаныш сыйлаған игі іс.
Бүгін,мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері «Ботай–Бурабай» ашық аспан астындағы музейіне және ұлттық парк аумағына танымдық экскурсия жасап қайтты.
Экскурсия барысында оқушылар ежелгі Ботай мәдениетінің тарихымен танысып, оның адамзат өркениетіндегі маңызы туралы құнды мәліметтер алды. Балалар Ботай қонысының тұрмыс-тіршілігі, ежелгі адамдардың өмір салты және жылқыны алғаш қолға үйреткен мәдениет ретінде әлемге танылған Ботай мұрасы жөнінде мағлұматтарын толықтырды.
Сондай-ақ тәрбиеленушілер ұлттық парктің көрікті табиғатын тамашалап, оның флорасы мен фаунасы, табиғи байлықтары және қоршаған ортаны қорғаудың маңызы туралы қызықты ақпараттарға қанықты. Экскурсия балалардың туған жерге деген сүйіспеншілігін арттырып, табиғатты аялауға тәрбиеледі.
Саяхат барысында балаларға ерекше қуаныш сыйлаған Ақжібек пен Бибігүл есімді қыздарымыз балмұздақтарды қолжетімді бағамен ұсынып, тәрбиеленушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалардың жүзіндегі шаттық пен ризашылық олардың бұл игі ісіне деген алғысының белгісі болды.
Осындай мазмұнды экскурсиялар оқушылардың дүниетанымын кеңейтіп, тарихи-мәдени мұралар мен туған өлкенің табиғатын тереңірек тануға мүмкіндік береді. Экскурсиядан балалар көтеріңкі көңіл-күймен, мол әсермен және жаңа біліммен оралды./public/files/2026/6/26/260626_124423_whatsapp-video-2026-06-25-at-174909.mp4


Текст