«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы

25 мамыр күні жалпы мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыс барысында Зеренді ауданы полиция бөлімінің бастығының орынбасары, полиция полковнигі Б.Т. Чокпаров сөз сөйлеп, оқушылардың қауіпсіздігіне қатысты маңызды мәселелерге тоқталды.

Сонымен қатар директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары оқушыларды сыныптан сыныпқа көшіру тәртібі, емтихан өткізу жұмыстары және балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Педагог-психолог «Балалардың жазғы қауіпсіздігі – сіздің қолыңызда!» тақырыбында ата-аналарға кеңес беріп, жаз мезгіліндегі қауіпсіздік шараларын сақтаудың маңызын атап өтті.
 
Жиналыс соңында мектеп-гимназия директоры ата-аналарға балаларға мұқият болып, олардың қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлуді тапсырды./public/files/2026/5/25/250526_131638_whatsapp-video-2026-05-25-at-120555.mp4

Текст