Ұйымдар тізімі
Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілеріне ерекше қолдау көрсетіп, балалардың танымдық әрі тәрбиелік демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік жасағаны үшін ГУГНПП «Бурабай» УДП РК бас директоры Сергей Владимирович Быковқа шынайы алғысымызды білдіреміз.
Балалардың «Бурабай» курорттық аймағына еркін кіріп-шығуына жағдай жасап, тегін өткізуге қолдау көрсеткеніңіз үшін ерекше ризашылығымызды білдіреміз. Бұл игі іс өскелең ұрпақтың туған өлкенің табиғаты мен тарихи-мәдени құндылықтарын танып-білуіне, олардың дүниетанымын кеңейтуге зор ықпал етті.
Сіздің жанашырлығыңыз бен қамқорлығыңыздың арқасында балалар көтеріңкі көңіл-күйге бөленіп, әсерлі де мазмұнды демалыс өткізді.
Сізге және ұжымыңызға зор денсаулық, толағай табыс, отбастарыңызға амандық пен бақ-береке тілейміз. Жас ұрпаққа көрсетіп отырған қамқорлығыңыз бен қолдауыңыз үшін алғысымыз шексіз!/public/files/2026/6/26/260626_123727_whatsapp-video-2026-06-25-at-172049.mp4

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...