«М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы»КММ
2022-2023 оқу жылындағы «Педагогикалық әдеп» кеңесі отырысының
№1 хаттамасы
01.02.2023 жыл
Қатысқандар:
Қанимағанбетова Г.Ұ. оқу ісінің меңгерушісі
Абдильманова Б.З.кәсіподақ ұйымының төрайымы-Педагогикалық әдеп кеңесінің төрайымы
және аттестаталушы педагогтер
Кеңес хатшысы: Асылбек Г.Б.
Күн тәртібінде:
1.Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 533 бұйрығы бойынша педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары туралы түсініктеме беру.
2. Аттестаттаудан өтетін педагог мамандарды аттестаттау ережесімен таныстыру;
Жауапты:Қанимағанбетова Г.Ұ. оқу ісінің меңгерушісі
Аттестаттауды өткізу тәртібі бойынша мектептің оқу ісінің меңгерушісі Қанимағанбетова Г.Ұ. таныстыру жұмыстарын жүргізді.
Аттестаттау мынадай кезеңдерді қамтиды: Мұғалімдер үшін:
1) біліктілік бағалау рәсімді автоматтандыруға байланысты ақпараттық жүйені пайдалану кезінде алынып тасталады;
2) нәтижелерін жинақтау:
ПББ өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін өткізу пункттеріндегі аудитория және әрбір педагогтің орны бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Осы ережені бұзбай, әр педагог тапсыратын тестерін талапқа сай етіп тапсырулары керектігі жайында ескертілді.
Педагогикалық кеңес төрайымы:--------- Абдильманова Б.З.
Кеңес хатшысы: ---------Асылбек Г.Б.