«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Батырлар ерлігі – ұрпаққа үлгі

/public/files/2026/5/8/080526_120031_whatsapp-video-2026-05-08-at-100955.mp4,

7 мамырда, мектебіміздің оқушылары орталық алаңда ерекше өнерлерімен халықтың қошеметіне бөленді. Отан қорғаушылар күнін тойлау аясында ұйымдастырылған шараға көпшілік жиналып, балалардың шығармашылығын тамашалады.

Оқушыларымыз ән айтып, би билеп, патриоттық өлеңдер оқыды. Әр өнер көрсеткен баланың бойында сұлулық, талғампаздық пен Отанға деген сүйіспеншілік сезімі айқын көрінді. Алаңда ән мен күйдің әуені, алып туымыздың көтерілгені жүректерді қуанышқа бөлеп, халқымыздың бірлігін паш етті.

Шараның соңында барша қатысушыларға алғыс айтылып, еліміздің тыныштығы мен бірлігі үшін дұға жасалды. Осындай керемет жарасымдылық пен ашықтық оқушылардың бойында патриоттық сезімді дамытуға зор ықпал етті.

Бұл мереке – біздің жастарымыздың өнерлері мен патриотизмі арқылы Отан қорғаушыларымызды құрметтеудің бір жолы.


Текст