Ұйымдар тізімі
«Әжелер сөзі – тәрбие көзі» атты тақырыпта даналық мектебінің кезекті жұмысы жоғары деңгейде өтті. Бұл шараның басты мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық тәрбие беру, әжелердің өмірлік тәжірибесі мен даналығын үлгі ету болды.
Кездесу барысында ақ жаулықты әжелер балаларға өздерін таныстырып, өмір жолдары туралы қызықты әңгімелер айтып берді. Олар ата-бабадан қалған салт-дәстүрлердің маңызын түсіндіріп, үлкенді құрметтеу, кішіге ізет көрсету сияқты адамгершілік қасиеттерді насихаттады.
Сонымен қатар, әжелер балаларға қолөнердің қыр-сырын үйретті. Қыз балалар кесте тігіп, ою-өрнек салуды үйренсе, ұл балаларға да ұлттық бұйымдардың жасалу жолдары көрсетілді. Балалар үлкен қызығушылықпен қатысып, өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасап көрді.
Шара барысында әжелердің айтқан нақыл сөздері мен ақыл-кеңестері балалардың жүрегінен орын алды. Осындай тәрбиелік мәні зор кездесулер жас ұрпақтың ұлттық рухын көтеріп, үлкенге құрмет, кішіге қамқор болуға тәрбиелейді./public/files/2026/4/9/090426_181149_whatsapp-video-2026-04-09-at-165309.mp4

Ш. Уәлиханов университетінің...