Ұйымдар тізімі
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні. Наурыз мейрамы – халқымыздың рухани құндылықтарын жаңғыртып, ұлттық салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін ерекше мереке. Осы орайда «Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» КММ қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушыларға ата-бабадан мирас болған «Жеті ата» дәстүрінің маңызын түсіндіруге ерекше көңіл бөлді. "Жеті атасын білу" – әр қазақ баласының парызы. Бұл дәстүр арқылы ұрпақ өз тегін танып, ата-бабасын құрметтеуді, туыстық байланысты қадірлеуді үйренеді.Сабақ барысында оқушылар ұлттық құндылықтар туралы ой бөлісіп, жеті атасын айтып, халқымыздың тәрбиелік мәні зор дәстүрлерінің маңызын терең түсінді.Ұлттық мәдениетіміз бен салт-дәстүріміз – ұрпақ тәрбиесінің алтын қазығы. Осындай игі іс-шаралар арқылы жас ұрпақтың бойына ұлттық рух пен отансүйгіштік қасиеттерді сіңіру – басты мақсатымыз. Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! Ұлттық құндылықтарымыз әрдайым ұлықтала берсін!#Наурызнама2026/public/files/2026/3/17/170326_112519_whatsapp-video-2026-03-16-at-153628.mp4

Ш. Уәлиханов университетінің...