Ұйымдар тізімі
Жарқын жаз сыйлаған жандарға алғысымыз шексіз! Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері атынан балалардың жазғы демалысын мазмұнды әрі қызықты ұйымдастыруға, киелі жерлерге, музейлерге және тарихи-танымдық орындарға саяхат жасауға мүмкіндік бергені үшін аудандық білім бөлімінің басшысы Динара Шаймерденқызы Кенжеболатоваға және білім бөлімінің ұжымына шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіз әрі жайлы тасымалдануын қамтамасыз етіп, өз міндеттерін жоғары жауапкершілікпен атқарған ПАЗ автобус жүргізушілері Максутхан Құланұлы Досқаринге және Серекбай Хасенұлы Жүзбаевқа ерекше алғысымызды айтамыз.
Сіздердің қолдауларыңыз бен қамқорлықтарыңыздың арқасында балалар көптеген жарқын әсер алып, туған өлкеміздің тарихы мен мәдениеті туралы білімдерін кеңейтіп, таным көкжиегін арттырды.
Еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық және бақ-береке тілейміз!/public/files/2026/6/26/260626_124736_whatsapp-video-2026-06-25-at-174437.mp4

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...