«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Балалар қуанышы үшін қолдау көрсеткен демеушілерге алғыс!

Мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің жұмысын ұйымдастыруға қолдау көрсетіп, балалардың жазғы демалысын қызықты әрі мазмұнды өткізуге демеушілік жасаған жомарт жандарға шынайы ризашылығымызды білдіреміз.
Атап айтқанда, «Саматқызы» ЖК, «Болашақ» дүкенінің иесі Дүйсенбай Дильназ Саматқызына, «Балтабаева» ЖК, «1001 мелочей» дүкенінің иесі Балтабай Жұмағали Серікбайұлына, «Азмаганова К.Ж.» ЖК, «LiKe Mart» дүкенінің иесі Қуаныш Жанатқызына, сондай-ақ «Мороз» ЖК, «Смешная цена» дүкені ұжымына балаларға көрсеткен қамқорлығы мен қайырымдылығы үшін ерекше алғысымызды білдіреміз.
Сіздердің қолдауларыңыздың арқасында лагерь тәрбиеленушілері көтеріңкі көңіл күй сыйлаған, танымдық әрі тәрбиелік мәні зор іс-шараларға қатысып, жарқын естеліктерге толы жазғы демалыс өткізуде. Балалардың қуанышы мен шат күлкісі – сіздердің ізгі істеріңіздің айқын көрінісі.
Жасаған жақсылықтарыңыз өздеріңізге еселеніп қайтсын! Еңбектеріңізге толағай табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке және кәсіптеріңізге өркендеу тілейміз. Сіздердің жанашырлықтарыңыз бен қайырымдылықтарыңыз өскелең ұрпақтың жарқын болашағына қосылған маңызды үлес екеніне зор ризашылық білдіреміз./public/files/2026/6/18/180626_172544_whatsapp-video-2026-06-18-at-162204.mp4


Текст