Ұйымдар тізімі
/public/files/2026/6/25/250626_162506_whatsapp-video-2026-06-24-at-193421.mp4.Алғыс пен ізгілікке толы демеушілік.
Жазғы демалыс кезінде мектеп жанындағы «Күншуақ» лагері тәрбиеленушілеріне ерекше қуаныш сыйлаған «Секенова» ЖК және «Зерен Парк» иесі Секенова Жаныл Ажекеевна балаларға қайырымдылық көмек көрсетіп, игі іс атқарды.
Жаныл Ажекеевна және Марат Даулетұлы лагерь тәрбиеленушілерінің бос уақытын көңілді әрі пайдалы өткізуіне жағдай жасап, балаларды бассейнге апарып, ойын-сауық алаңында демалуға мүмкіндік берді. Бұл балалардың жазғы демалысын қызықты әрі есте қаларлықтай етуге зор үлес қосты.
Осындай кең жүректі жандардың қамқорлығы мен қолдауы балаларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап қана қоймай, мейірімділік пен жанашырлықтың жарқын үлгісін көрсетті.Мектеп ұжымы атынан Секенова Жаныл Ажекеевнаға шынайы алғысымызды білдіреміз. Еңбегіңізге табыс, отбасыңызға амандық, кәсібіңізге береке тілейміз! Жасаған жақсылықтарыңыз еселеніп, абыройыңыз арта берсін!

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...