Ұйымдар тізімі
/public/files/2026/6/18/180626_163745_whatsapp-video-2026-06-18-at-153528.mp4,
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында, сондай-ақ Ақмола облысы білім басқармасының Туризм, дене шынықтыру, алғашқы әскери және технологиялық дайындық орталығы» КММ-нің 2026 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мектеп жанындағы «Күншуақ» жазғы сауықтыру лагерінің тәрбиеленушілері Зеренді ауданының Кеңөткел ауылында ұйымдастырылған археологиялық қазба жұмыстарына танымдық экскурсияға қатысты.
Іс-шара барысында оқушылар археолог мамандардың жұмысымен танысып, қазба жұмыстарының жүргізілу әдістері, тарихи жәдігерлерді анықтау және сақтау жолдары туралы құнды ақпарат алды. Балалар туған өлкенің тарихи-мәдени мұрасын зерттеудің маңызын түсініп, археологиялық зерттеулердің ғылымдағы орны жөнінде білімдерін кеңейтті.
Танымдық сапар жас ұрпақтың туған жер тарихына деген қызығушылығын арттырып, ұлттық мұраны қастерлеуге, тарихи-мәдени құндылықтарды бағалай білуге тәрбиелеуге ықпал етті. Сонымен қатар оқушылар зерттеушілік қабілеттерін дамытып, өз өлкесінің өткені туралы жаңа мәліметтермен танысып, ерекше әсерге бөленді.

«Адал азамат» біртұтас тәрбие...