«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қолжетімді әрі сапалы білім

24.11.2020

 

Тақырыбы: Қолжетімді әрі сапалы білім

 

                            « Білім жүйесінің жаны да, жүрегі де, тірегі де – ұстаз» .

                                            Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ

 

Биылғы жылы ,Президент Жолдауында әлеуметтік саладағы басым бағыттар түгел қамтылды. Өйткені ол еліміздің азаматтарының әл-ауқатын арттырумен байланысты бірінші кезектегі мәселелерді шешуге бағытталған .Сонымен қатар ,

мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Кемелұлының Қазақстан халқына Жолдауы білім қызметкерлерін айналып өтпеді. Өйткені, білім беру сапасын жақсарту -  қазіргі таңдағы ең өзекті мәселелердің бірі екендігі баршамызға аян.

Жолдауда қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға жан-жақты, терең талдау жасалған және оны түбегейлі оңалту бағытында нақты міндеттер қойылып отыр. Мемлекет басшысы ,ұстаздар ойында жүрген барлық түйіткіл мәселелерді ескеріп,жақсаруына жағдай  жасағандығы қатты қуантты.

Әсіресе,еліміздің болашағы,жастардың,оқушылардың сапалы білім алуына көңіл бөлуін  аса атап  өткім келеді. Коронавирус індетінің салдарынан дүние жүзіндегі мектеп оқушылары мен студенттердің басым көпшілігі қашықтан оқуға көшті. Бұл жұмыстың тәсілі мен мазмұнын түбегейлі өзгертуде.Биылғы жылы  қашықтан оқытудың онлайн және оффлайн түрлерін енгізіп, интернет жылдамдығы әртүрлі болуына байланысты телесабақ, интернет - платформадағы сабақ  ұсынып, аз қамтылған,көп балалы отбасыларына жергілікті атқарушы органдар мұғалімдер мен оқушыларды компьютермен, мобильді интернетпен қамтамасыз етуде қамтамасыз етті жолдарын да қарастырған.Соған байланысты,  бүгінгі күнге дейін мектеп бойынша елу бір отбасына моноблог және компьютерлер берілді. Мектеп ұжымы толыққанды оқу үдерісі үшін қажетті барлық функциялары бар бірыңғай онлайн білім беру ZOOM,онлайн - мектеп,платформаларын сабақ барысында қолдануда. Дегенмен, сапалы білім алу үшін әдеттегідей сабаққа қатысып, мұғалімдермен және сыныптастармен араласудың орны бөлек. Сондықтан, санитарлық талаптарды сақтай отырып, білім алудың қалыптасқан дәстүрлі тәсіліне қайта көшудің тәртібін әзірлеп жатқандығы көңілді қуантады. Бұл, әсіресе, мектептер үшін маңызды. 

         Президентіміздің халқына Жолдауында айтылған 2021 жылдың қаңтарынан бастап жиырма бес пайызға жалақыларының өсуі барлық мұғалімдерді қуантты.Қазіргі қиын кезеңде бар күш жігерін салып,сапалы білім беруді мақсат етіп жүрген ұстаздар үшін,бұл жаңалық тың серпіліс бергендей болды.

Балаларымыз қай жерде тұрса да, қандай тілде оқыса да сапалы білім алуы керек.

Қандай жағдай болмасын оқушыларымыздың сапалы біліммен қамтамасыз ете алсақ,еліміз гүлденіп,қарқынды дами түсері хақ.

Просмотров: 773


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст