«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мемлекеттік қызметтер туралы есеп

28.02.2024

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы                                      мектеп – гимназиясы» КММ – нің 2023 жылғы мемлекеттік  қызмет көрсету мәселесі бойынша есебі.

1. Жалпы ережелер

Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:

Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Ақмола облысы, Зеренді ауданы, Зеренді селосы, Мусина көшесі, 39 А үй. Байланыс телефоны  871632 22- 4 - 62 . Сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін жұмыс күні қабылдайды,         13-00-ден 14-00-ге дейін үзіліс беріледі.

Мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ - де  4 қызмет түрін көрсетеді.

2023  жылы  жалпы  көрсетілген мемлекеттік қызметтер – 92 , соның ішінде:

  1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау – 59 қызмет.
  2. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттар қабылдау - 0
  3. Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру – 3 қызмет
  4. Негізгі орта, жалпы орта білім беретін ұйымдар арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау – 30 қызмет

 "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген - 3 қызмет;

* ЭҮП арқылы электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер- 71 қызмет;

Қағаз түрінде көрсетілген қызмет - 18

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін негізде көрсетіледі.

2022 жылы  «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ   - 85 қызмет көрсетті.

* электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-84 қызмет;

* қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер-1 қызмет.

Неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат:

Білім беру саласында неғұрлым талап етілетін мемлекеттік қызметтер:

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау";

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау".

«Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру». 

2. Көрсетілетін қызметті алушылармен жұмыс:

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты «М.Ғабдуллин атындағы мектеп – гимназиясы» КММ  http://sc0015.zerenda.aqmoedu.kz/ news/ open/id- 3902021 сайтында және Instagram және Fecebook парақшаларында, сондай-ақ Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының телефондары бойынша 1414.

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ "Мемлекеттік қызметтер" бөлімінде мемлекеттік қызметтер көрсету қағидалары орналастырылған. Сондай-ақ, ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызмет көрсету ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау туралы ақпарат.

Қазіргі уақытта заңға тәуелді құқықтық актілердің жобаларын жария талқылау ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жүзеге асырылады. «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ  нормативтік құқықтық актілер әзірленбеген.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).

«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ – де халықты БАҚ, көрсетілетін қызметті берушілердің интернет – ресурстары арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпараттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерін жетілдіру жөніндегі қызмет.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ бірыңғай ақпараттық жүйеде жұмыс істейді Аkmola.kz. жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сондай-ақ, 2022 жылдан бастап «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ – де Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР ПМ ММ АЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 3 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған іс-шаралар.

 «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ – де қажетті компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген және мемлекеттік қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен 1 қызметкер мемлекеттік қызмет көрсетеді.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

2023 жылы Мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерін бұзу және негізсіз бас тарту анықталған жоқ.

5. Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына одан әрі тиімділігі мен қанағаттанушылығын арттыру перспективалары.

2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы  мектеп – гимназиясы» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастырады.

 

Просмотров: 377


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст