«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Мәшһүр Жүсіп Копеев оқулары

31.01.2024

30.01 2024 жылы «№2 Зеренді жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де  Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңі өтті.Мектебімізден байқауға үш оқушы:

10-сынып  оқушысы Мейрамова  Вера  , 9 «А»сынып оқушысы Қайролла Мәншүк, 9 «А»сынып оқушысы Сағди Тілеужан қатысты

Байқаудың негізгі мақсаты – философ-ақынның рухани мұрасын дәріптеу, шығармаларында бейнеленген туған жерге сүйіспеншілік, белсенді азаматтық ұстанымды өскелең ұрпақта тәрбиелеу; тұлғаның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін дамыту.

Байқау 4 бағыт бойынша өткізілді:

I бағыт – «Алдыма өлең жаз деп қағаз келген, Сөзімді сөйлеп бақтым мен де білген» ақындар мүшәйрасы.

II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғау. Бұл бағыт бойынша 10-сынып  оқушысы Мейрамова  Вера қатысты.Пән мұғалімі Садыкова Г.М.

III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты. 9 «А»сынып оқушысы Сағди Тілеужан қатысты.Пән мұғалімі Ахметжарова Г.Б.

IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» номинациясы бойынша  9 «А»сынып оқушысы Қайролла Мәншүк қатысты.

Орта  білім беретін мектеп оқушыларының арасында республикалық «Мәшһүр-Жүсіп оқулары» байқауының аудандық кезеңі қорытындысы бойынша II бағыт – «Бас болып өнер білсең, тіпті жақсы» атты ғылыми жоба қорғауға қатысқан 10-сынып  оқушысы Мейрамова  Вера жүлделі 1 орынды иеленсе, III бағыт - «Білімді зерек адам болам!» - десең, Қара өзіңді басқаның айнасымен» эссе жазу бағыты бойынша қатысқан 9 «А»сынып оқушысы Сағди Тілеужан 3 орын, IV бағыт - «Мәшһүр-Жүсіп  шығармалары және «Ұлы даланың ұлы есімдері» номинациясы бойынша  қатысқан 9 «А»сынып оқушысы Қайролла Мәншүк жүлделі 1 орын иеленді.

 

Просмотров: 681


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст