«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Дөңгелек үстел

24.02.2023

«Барым үшін алғыс айтамын!»

          2023 жылдың 23 ақпан күні «Рақымшылық-мейірімділік бұлағы» атты жалпыұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында интернаттың 7-10 сыныптардағы тәрбиеленушілерімен «Барым үшін алғыс айтамын!» тақырыбында дөңгелек үстелді интернат                      меңгерушісі Ә.С.Кусакаева мен тәрбиеші У.Қ.Абдильманова ұйымдастырып  өткізді. Іс-шара барысында мейірімділік, адамгершілік пен ізгілік қасиеттері туралы пікірлер айтылды. Жақсы сөз айту, жақсылық жасау-әрбір адамның міндеті екендігі түсіндірілді. Бейнебаяндар көрсету арқылы өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйретілді. «Жүректен жүрекке» бөлімінде қатысушылар шеңберге тұрып, жанындағы адамға алғысын іс-қимыл арқылы білдіре білді. Іс-шара соңында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.М.Кенжина оқушыларға «Жылы сөз, қайырымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңізді ешкімнен ешқашан аямаңыздар, адамгершілік қасеиттеріңізді жоғалпаңыздар»-деген ақ тілегін білдірді.

Просмотров: 315


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст