«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бір мезеттік ыстық тамақты ұйымдастыру есеп

25.12.2019

Бір мезеттік ыстық тамақ   ұйымдастыру                   

«Білім беру ұйымындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде тегін тамақпен жергілікті бюджет қаражаты есебінен: жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған, қорғаншылық және патронаттық тәрбиедегі, даму мүмкіндігі шектеулі, мектеп жасындағы 4 және одан да көп балалары бар, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен отбасы балаларына ұсынылған құжаттары негізінде тегін және жеңілдетілген тамақ ұйымдастырылды.

Жеке кәсіпкер Ж.А.Секенова білім беру ұйымымен келісілген кестеге сәйкес 10 күндік перспективалық ас мәзірі негізінде сапалы және қауіпсіз тамақ ұсынуда.

Қосымша тамақтандыру ретінде СанЕмН-нің талаптарына сәйкес буфет өнімдерін сатуды ұйымдастыруға рұқсат етілді.

Мектеп оқушыларын тамақтандыру үшін пайдаланылатын азық-түлік тауарлары мен шикізаттарының сапасы гигиеналық көрсеткіштер мен ас құнарлылығы көрсеткіші бойынша санитарлық-эпидемиялық ережелер мен нормативтерге сәйкес келуін қамтамасыз етуі күнделікті әкімшілік бақылауда.

          Сондай-ақ 2019 жыл 5 қыркүйекте№21 бұйрығымен дайын тамақ өнімдерінің сапасын және салмақтық шығынын, қадағалау  және тағамдарды әзірлеуде және таратуда санитарлық- гигиеналық талаптарды бақылау, гигиеналық ережелерді сақтау мақсатында бракеражды комиссия құрылды. Бракеражды комиссия құрамына төмендегі ұстаздар тағайындалды комиссия төрайымы – ДТІЖО  Д.М.Кенжина, комиссия мүшелері: әлеуметтік педагог К.Б.Тилеубаева, мектеп медбикесі Ж.К.Дюсембина, қамқоршылар кеңесінің төрағасы  М.Ш.Иманғалиев    кәсіподақ ұйымының төрайымы Б.З.Абдильмановалар тағайындалды. Комиссия:1)Тағамның сапасын бағалау, тексеру тоқсанына бір рет.2)Тексеру қорытындылары бракераж журналына күнделікті жазып отыру.3)Тоқсан сайын өткізілген жұмыс қорытындысы туралы есеп беру сияқты жұмыстарды атқтауда. Осы жұмыстарды бақылау директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары  Д.М.Кенжина басшылық жасайды.    
Бракераждыкомиссия тоқсанына бір рет мониторинг жүргізеді. Осыған сәйкес 2019 жылдың 17 қазанында өз мақсаттары бойынша комиссия мүшелері мониторинг жүргізіп қорытындысын мектеп сайтына жүктеді.  Келесі жүргізілетін мониторинг 2019 жыл 26 желтоқсанында жүргізіледі және қорытындысы сайтқа салынады.

         «Білім беру ұйымдарындағы білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін және жеңілдетілген тамақпен қамтамасыз ету» бойынша мемлекеттік қызмет көрсету стандарты негізінде білім беру ұйымында білім алушылар мен тәрбиеленушілерді тамақпен, оның ішінде тегін тамақпен қамтамасыз ету мақсатта әлеуметтік топтағы жетім, жартылай жетім, патронат, толық емес, көп балалы, аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан1-11 сынып оқушыларының тізімі жасалып, іріктеліп  аудандық білім бөліміне 37 оқушының құжаттары өткізілді.Оның ішінде көп балалы отбасынан – 21 оқушы, аз қамтылған отбасынан – 13 оқушы, тұлдыр жетім – 1 оқушы, ата-ана қамқорлығынсыз қалған - 2 оқушықамтылып отыр.

Просмотров: 802


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст