«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің арманымдағы Қазақстан

29.11.2022

Менің арманымдағы Қазақстан

Қазақстан – маған ең қымбат, маңызды әрі менің сүйікті туған жерім. Бұл менің - Отаным. Қазақстанда он жеті миллион халық тұрады. Оның        ішінде жүзден астам ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тұрып жатыр. Елімізде әртүрлі тілде сөйлейтін, түрлі дінді ұстанатын түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқанына қайран қаламын. Қазақстанда тұратын халық тек жақсы көзқараспен ғана емес, бір-біріне деген жанашырлық та қатар жүреді.Бізге бәрімізге, әртүрлі ұлт өкілдеріне де ортақ ұқсастық бар: біз Қазақстан халқымыз. Қазақстан халқы біртұтас. Бұл ежелгі Қазақстан жеріндегі бейбітшілікті сақтауға көмектеседі. Ал бейбітшілік – болашақ армандағы  еліміздің гүлденуінің ең маңызды шарты. Қазақстан – егемендік алғанына  отыз жыл  болғанына қарамастан  зор мүмкіндіктер еліне айналды. Оның дамуы қарқынды дамып келеді. Қазір біз тек баламыз, бірақ қазірдің өзінде болашаққа жоспар құрып жатырмыз, мемлекетке пайда әкелу мақсатында, Отанымыздың байлығын арттыру үшін өмірде маман болуды армандаймыз.

Менін ең басты арманым ол – тіл мәселесін асқақтату.  Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді». Ана тілім-ата-бабамыздан мирас болып келе жатқан баға жетпес мұра. Демек әр адам ана тілін мақтан тұтуға оны қорғауға, тазалығын сақтауға тиіс.

 Армандаған елімде – ең бастысы адалдық. Әр адам баласының бойында адалдық, жауапкершілік болса, біз армандаған Қазақстан құлпыра түсер еді. Сыбайлас жемқорлықпен күрессек, еліміз әлдеқайда көркейеді деген ойдамын. Мен елді таза және әдемі етіп елестетемін. Елдегі экологияның жақсарғанын қалаймын. Себебі көптеген жерлерде әдемі пейзажды бұзатын қоқыстарды көруге болады. Бұл барлығы адамның ісі. Біз бәріміз жер бетінде өмір сүреміз және оған қамқор болуы біздің міндетіміз. Сол себептен мен экологияның дамуына белсенді үлес қосуды арман етемін. Бұл күндегі арманымдағы Қазақстан деген елді дүниежүзі біледі десек, артық айтпаймыз. Отанымызды бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан көру үшін мен де өскенде өз үлесімді қосқым келеді. Ол үшін жан-жақты білім мен тәрбие алып, келекшекте халқыма пайдам тиетін бір мамандық иесі болуға тырысамын. Отанымның даңқын одан ары арттыруға қолдан келген үлесімді қосамын деп ойлаймын. Ел жүрегі –  Қазақстан, мен сені жақсы көремін!

                                                                                                                

«М.Ғабдуллин атындағы мектеп - гимназиясы»КММ

 Ергалиева Жулдызай

9 «Ә» сынып оқушысы

 

Просмотров: 1325


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст