«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Кітап – рухани қазына

30.10.2019

«Кітап – рухани қазына»

Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан – жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды, мінез – құлықтары қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Осындай ізгі қасиеттерді, рухани байлықты, сөз өнерін оқырмандарға кітап арқылы насихаттауға болатынын барлығымыз білеміз. Осы мақсатпен кітапханада 25 қаңтар күні8а, 8ә сынып оқушыларымен «Оқушылардың кітап оқу мәдениеттерін дамытудың белсенді әдістері»тақырыбында кітапхана сабағы өтті. Оқушылар 3 топқа бөлініп отырды. Кітапхана сабағы 5 кезеңнен құралды.

1.Кезең «Өлең жолын арнаймын»деп аталды. Әр топқа поэзия өлеңдерінен бір жол немесе үзінді таратылды. Поэзияның қалған жолдарын қатысушылар ұсынылған үзінділерден реттеп орналастырып, авторын табу керек болды. Бүл жерде «Вака» стилін пайдаландық. «Вака» – жапондық ортағасырлық поэтикалық жанр. «Вака» жанрын  жапондық әр ақсүйектің білуі маңызды болған және осы жанрды  білген ақсүйек жоғары білімді, талғамды адам саналған.

2.Кезең «Әдеби тосап». Әр топқа 2 шығармадан үзінділер таратылды. Оқушылар жылдам оқып, кітап атауын табу керек болды.Бүл жерде де балаларда кітап оқуға деген қызығушылық, ақпараттық сауаттылық, әдеби талғамқалыптасады.

3.Кезең «3Д кітап құрастыру» - Шығармашылық жұмыс болды. Оқушылар өз қолдарымен 3д кітап жасады. 3д кітап жасау үшін алдымен нақты жоспар құру керек, қызықты мәтін ойластыру, сурет салу және аппликация жапсыру.

4.Кезең «Қызықты оқиға құрастыру» болды.Бір  оқушы тамаша шытырман оқиға бастап, келесі оқушы алдыңғы оқушының ойын көркем қиялмен жалғастырды. Ал үшінші оқушы бірінші оқушының не жазғанын білмейді, тек екінші (өзінің алдындағы) оқушының сөйлеміне сүйене отырып, оқиғаны қиял – ғажайып елестету, сын тұрғысынан ойлау қабілетімен өрбітіп, әсермен жеткізді.

5.Кезеңде оқушылар «Мерзімді басылымдармен жұмыс» жасады. Әр топқа журналдар берілді. Оқушылар журналдың атауын, жылын, нөмірін, қай салаға жататынын анықтады және таңдаған журналдан бір мақаланы алып, мазмұнын ашып, кілт сөздерді жазып, өз ойларын білдірді.

Бұл шараға оқушылар үлкен қызығушылықпен қатынасып, белсенділік танытты.

Кітапханада осындай белсенді әдіс-тәсілдерді пайдаланса, оқушылардың поэзияға деген қызығушылықтары  пайда болады, поэзия авторларымен тереңірек танысады, мәнерлеп оқуға құлшылық білдіреді, жан - жақты рухани дүниесі дами түседі. Бір сөзбен айтқанда, кітапқа деген ынтасы артады деген ойдамын.

                                                                 М.Ғабдуллин атындағы ЖББОМ кітапханашысы Төлебаева Б.Ө.

Просмотров: 1023


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст