Текст
Зеренді ауданы әкімдігінің «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-гимназиясы КММ жанындағы интернатта Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан ардақты да аяулы қарттарымызды қадірлеуге, үлгі-өнеге етуге тәрбиелеу мақсатында жылдағыдай жылдық тәрбие жұысына сәйкес «Қариялар-асыл қазынам» атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға 15 ауылды мекендерден тұратын интернат тәрбиеленушілерінің ата-әжелері арнайы шақырылды. Концерттік бағдарлама ұйымдарылып, интернат ұжымы атынан ақ дастархан жайылды. Осындай игі іс-шараға мәз-мейрам болған қарияларымыз шынайы ризашылықтарын білдіріп, еліміздің мәртебесі биіктеп, ел-жұртымыздың аман болуын тілеп баталарын берді.