Ашық есік
күні-15 наурыз 2017 жыл
"М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп"
КММ-да ата-аналарға арналған «Ашық есік күні» іс-шараның өткізу жоспары.
Тақырыбы : «Кембридж тәсілі
ата-аналар көзімен»
Бұл
жиынды өткізудегі мақсатымыз:
-мектептің
оқу-білім мен тәрбие, ата-анамен байланыс жүйесі жұмыстарымен ата-аналарды
таныстыру;
-ата-аналармен
мектептің арасындағы байланысты нығайту.
Күтілетін нәтиже: мектептің
оқу-білім мен тәрбие, ата-анамен байланыс жұмыстарымен ата-аналар танысады;білім
саласындағы өзгерістермен танысады.
Іс-шара кезеңдері:
1. Ата-аналарды қарсы алу
Мектепте
алдын-ала тазалық жұмыстарын ұйымдастырып, безендіру, ұжыммен балалардың
киімдеріне назар аудару, бейджиктер тағу, киімілгіштер дайындау.
2. Мектептің презентациясы:
-Екінші
қабатта интерактивті тақтаға мектептің жетістіктерін салып көрсету
-жаңа
кабинеттер (робототехника, компьютерлік кабинет)
-оқушылардың
қолымен жасаған бұйымдарды көрме арқылы көрсету
-кітапханаға
саяхат
-мұражайға
саяхат
-музыкалық
сәлем
3. Семинар-тренинг:
-психологиялық ахуал: бір-біріне
жақындастыру, жылы шырай таныту.
(ата-аналар
шеңберге тұрып өзін таныстырып,баласына қалай жылы лебізін білдіреді)
Мен үшін қымбат...” (Ой қозғау) (Аялы алақаны, мейірімі,
ыстық жүрегі, жан жылуы, махаббаты, мейірімді көздері, күлкісі)
-Сәлеметсіздер
ме, құрметті ата-аналар! «Кембридж тәсілі ата-аналар көзімен» атты ашық
есік күніне хош келдіңіздер!Бүгінгі жұмыс барысы сәтті өтеді және жақсы
нәтижеге қол жеткіземіз деп үміттенеміз.
Бейнефильмнен үзінді
-"Жаңа проект"(ата-ана – бала-ұстаз)
Бейнефильм
бойынша ой бөлісу:
-
Ұстаз қолданған әдіс-тәсілдердің қайсысы сіздерге
ұнады?
-
Сынып оқушыларының жақсы нәтижеге жетуіне не ықпал
етті?
-
Бүгінгі күннің мақсаты қандай болады деп ойлайсыздар?
Біздің мақсатымыз
–қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына оқушылар,
ата-аналар мен ұстаздар бірлесе жұмыс атқару арқылы сапалы білім мен тәрбиеге
қол жеткізу.
Ата-ананың
тілегі-баласының жақсы адам болуы, еңбексүйгіштігі, оқу мен еңбектегі
табыстары.
Баланы
жастан бақпасаң,
Жамандықтан
қақпасаң,
Қадірден
жұрдай қасқа боп,
Кешкенің
өмір босқа тек,- дегендей, баланың ыстық суығына күймейтін, жақсылығына
сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар. Баланың ең бірінші ұстазы — ата-анасы.
-Білім
беру жүйесі, өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде таныстырылымды III
деңгейлі ұстаз Қарабатырова Г.К. жасайды.
4. Коучинг «Әкесінің қуанышы,
анасының мақтанышы» Жауапты Шолтышева К.К., Кенжебаева К.К.
1
топ – «Адалдық»
2
топ – «Мейірім»
3
топ – «Сенімділік»
5. Мастер класс: 3-ші сынып
-Талибаев
Қ.
-Асқанбаева
Г.
6. Кейс стади
Өткізетін
Қарабатырова Г.К.
7. Кофе-брейк
Өткізілетінкабинет-математика
«Ашық микрофон»
-
Бүгінгі танысқан әдіс-тәсілдер
ойларыңыздан шықты ма?
-
Қандай әдістер қолайлы деп
есептейсіздер?
-
Оқу процесінде болып жатқан өзгерістерді
қолдайсыздар ма?
Қорытынды:Тәрбие отбасынан
бастауалады. Әрбір ата-ана өзінің күнделікті тұрмыс-тіршілігін дұрыс ұйымдастырып,
балаға әркімнің өзінің жеке басы арқылы үлгі-өнеге көрсете білуінде. Сондықтан
да сіздердің тараптарыңыздан үнемі мектеппен қарым-қатынаста болуларыңызды сұраймыз.
Себебі, тек қана бірлесіп жұмыс жасасақ,
оңтайлы нәтижеге жетеміз!