«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің инновациялық сабағым

03.10.2017

Менің инновациялық сабағым

 

    «Қандай оқу орнының болсын басты нысаны -

оқушыларға сапалы білім, салиқалы тәрбие беріп, оларды еңбекшіл етіп

тәрбиелеу».

А.Байтұрсынов.

  ХХІ ғасырдың ең басты міндеті -

әлемдік қауымдастыққа еніп, еліміздің бәсекеге қабілеттілігін, экономикасын,

білімін арттыру. Бүгінгі таңда еліміздегі білім саласында жүргізіліп жатқан

реформаның басты міндеті –

ой-өрісі жаңашыл, шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын, дүниетанымы

жоғары, жан-жақты қалыптасқан жеке тұлға тәрбиелеу.

  Ал ХХІ ғасырдағы білім мен ғылымды

инновациялық технологиялар бағытымен дамыту үлкен үміттің нысаны.

  Білім саласындағы инновациялық

қызмет оқу ісін дамытуға, пәндердің мәнін тереңдетуге, технологияны енгізуге,

пайдалануға, шығармашылықпен жұмыс жүргізуге бағытталған. Бүгінде оқыту жұмысын

осылай ұйымдастыру мен әдісінің жаңалығы мұғалімдердің оқу-тәрбие процесін

шығармашылықпен пайдаланудың негізгі өлшеміне айналуда. Оқытудың жаңа

инновациялық әдістері ұстаздар қауымын оның жаңа технологиясын өздігінен

іздеуге итермелейді.

   Инновациялық технологияларды

сабақта пайдалану - өмір талабы. Оқытудың жаңа ұтымды технологияларын пайдалану

оқушыны тұлға болып қалыптастырудың, дамытудың құралы. Оқушылардың білім

сапасын арттыруға, өздігінен ізденуге, ой- сананың дамуына мүмкіндік береді.

Инновациялық технологияларды оқушылардың жас ерекшеліктеріне қарай таңдап

алудың маңызы зор. Оның тиімділігі - әдіс-тәсіл, амалдарын ұтымды таңдау арқылы

оқушының сезіміне, ынта-ықыласына әсер ету, пәнге деген қызығушылығын арттыру.

  Осы орайда өз іс-тәжірибемде сабақ

беру үрдісінде мынадай мақсатқа қол жеткізуге тырысамын: оқушылардың

шығармашылық қызметін дамыту,

өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету, топтаса жұмыс жүргізе білу, оқушының

ой-өрісін, қиялын дамыту. Сабаққа қойылатын талаптар оқушылардан үлкен

шеберлікті талап етеді. Сондықтан да жаңа педагогикалық технологияларды орынды

пайдаланудың маңызы зор.

 Сыни тұрғыдан ойлау

«ойлау туралы ойлану» деп сипатталған.Ол маңызды мәселелерді талқылау және

тәжірибені ой елегінен өткізуді қамтиды. Мұғалімдер педагогикалық білімі бар

және қосымша оқыту мен өз біліктілігін арттырушы субъектілер болғандықтан,

оларда бұл дағдылар дамыған және іс-тәжірибеде қолданылады деп ойлаймыз. Сыни

тұрғыдан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын

қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімнің

де сыни тұрғыдан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді

   Қазіргі таңда мен сабақ беру

үрдісінде «Сын тұрғысынан ойлау технологиясын» қолданудамын.

 

Мақсатым: оқушының

танымдық белсенділігін арттыру, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын

қалыптастыруға мүмкіншілік беру.

Күтілетін нәтиже:

- оқушы өз ойын ашық,

еркін айтады, пікір алмасады;

 - белсенділігі артады, ойлау қабілеті, шығармашылығы

жан - жақты дамиды;

- бір-бірінің

пікірін тыңдайды, ынтымақты қарым-қатынастың негізін қалайды;

- өзін жеке дара тұлға ретінде тануға жол ашады;

- бір-біріне құрметпен қарайды.

  Әр мұғалім еңбегінің нәтижесін

көруді қалайды. Ал еңбегіміз нәтижелі болу үшін көп еңбек етуіміз, әр сабаққа

тыңғылықты дайындалуымыз қажет. Өткізетін сабағымыздың, яғни тақырыптың негізгі

идеясын, түйінін тауып, сабақтың әр кезеңі тақырыпқа сай болуы керек. Бүгінгі

заман мұғалімнен ізденімпаздықты, кәсіби шеберлікті талап етеді, алдында

отырған әр оқушысының болашағына жауапты екендігін ескертеді.

Білім берудің нәтижелі

болуы, оқушының берілген тапсырманы өздігінен меңгеріп, дағдылары мен

амалдарды, білген білімдерін өмірде қолдана білулерінің аясында жүзеге асады.

      Білім берудің басында мұғалімдер оқушылар

не біледі, қандай қате пікірлері бар және ол қателерді қалай түзетуге болатыны

үшін әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдаланады. Егер білім беруде мұғалім мен оқушы

арасында белгілі бір жүйелі қарым-қатынас 

болмаса, онда оқуда белгілі бір нәтижеге жете алмаулары мүмкін. Білімді

игерудің басында қолайлы әдіс-тәсілдер таңдалынып алынуы қажет. Егер де бұл

жағдай орындалмаған жағдайда, ең жақсы деген оқушылардың өздері алған

білімдерін есте сақтай алмаулары мүмкін, ұмытып қалулары да орын алады.

  Осыған орай, әр сабақта оқушылар оқу

үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді қатысу керек: олар өзінің болжамдары

мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес береді, өз алдына мақсат қояды,

алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен эксперимент жасайды және қателер

оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге барады.

  Адам баласы өмір бойы оқыса да

білмейтіні көп болады. Оқушы мен мұғалім бір күн ғана оқып  қоймайды, өмір бойы оқиды, талпынады,

ізденеді. Сыныпта оқушылар арасында

жақсы қарым – қатынас орнамай тұрып білім алу қиынға түседі. Адам баласының ең

бір жоғарғы қасиеті – адамгершілік қасиеті, бір – бірімен дұрыс қарым

–қатынасы. Осындай қасиеттердің орнауының арқасында сыныпта, оқушылардың

арасында түсінушілік, сыйласымдылық орнайды және сабақтың өтілуіне жағдай

жасалынады. Топпен жасаған жұмыстың осындай қасиеттердің бала бойына орнығуына көп

әсері бар деп ойладым. Өйткені, балалар топта әр тапсырманы орындау кезінде бір-бірінің

пікірін тыңдайды, түсінеді, бір-біріне сыйласымдылықпен қарайды. Және де

сабақтың өту қызықты өтілуіне жағдай туады.

     Әр мұғалімнің

басты мақсаты - бәсекеге қабілетті маман болу.Ол үшін ұстаз өз жұмысының шебері

болуы керек.Сонымен қатар, мұғалім де әрдайым ізденісте болса ғана, шәкірт

жанына нұр құя алады. Сабақта тиімді жұмыс түрлерінің жан-жақты орындалуы,

ойластыруы мұғалімнің біліктілігі мен әдістемелік шеберлігіне байланысты. Өсіп

келе жатқан ұрпаққа заманның талабына сай, сыни ойлай білетін, құзырлы сапалы,

білім беру , өз ұрпағын, оқушың білімді болу үшін сыни тұрғыдан ойлау үшін оның

мұғалімі де білімді, сыни ойлай білетін жан-жақты болу керек.

 

«М.Ғабдуллин

атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ

бастауыш

сынып мұғалімі Асканбаева Гульнур Баймукаметовна

Просмотров: 610

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст