«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету

24.10.2017

Менің

таңдауым - балаларға көмек көрсету

 

Бала дегеніміз болашақ. Бүгінгі бала — ертеңгі

елдің болашағы. Бүгінгі таңда әрбір бала өзіне қажетті білім алуға құқылы.

Балалардың қажетті білім алуына материалдық қажеттіліктердің жетіспеушілігін

болдырмау мақсатында республикамызда «Мектепке жол» акциясы тамыз-қыркүйек  аралығында ұйымдастырылады.

Акцияның мақсаты

- мектепке баруға мүмкіндігі жоқ аз қамтамасыз етілген және көп балалы

отбасынан шыққан оқушыларға, жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға

қамқорлық жасап, көмекке мұқтаж отбасылардың балаларын мектепке дайындауда

көмек көрсету және оларға толықтай білім алуға жағдай жасау.

Аталған жыл

сайынғы дәстүрлі шара мектебімізде де «Менің таңдауым - балаларға көмек көрсету!»

ұранымен жалғасын тапты. Акция барысында мектеп бойынша көмекті қажет ететін

отбасылардың балалары анықталып, оларға 

әртүрлі демеушілік көмектер көрсетілді. Атап айтар болсақ, «Sens Fashion»

компаниясы 121600 теңгеге (директоры: С.Н.Сокирко) 11 оқушыны мектеп

формасымен, «АСБИЖАН»  қайырымдылық

қоғамдық қоры 57000 теңгеге (директоры: Б.К.Шералиева) 10 оқушыны спорттық

және  жаздық аяқ киіммен, облыстық

«СБЕРБАНК» ұжымы 20000 теңгеге 5 оқушыны  мектеп сөмкесі және кеңсе заттарымен, «М.Ғабдуллин

атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ ұжымы (директоры: Э.М.Халелова) 16075

теңгеге аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан 1 оқушыны аяқ қиім, сумка және

мектепке қажетті кеңсе заттарымен  қамтамасыз

етті.

         «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын»

демекші, балаларға  қамқорлығын аямай,

көмек қолын созған қайырымды жандарға  өз

тарапымыздан және ата-аналар атынан айтар алғысымыз шексіз.

Әр кез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ, жақсылық жасауға

әрдайым  дайын болуға ұмтылайық!

 

 

 

Изматова Эльмира Тахиржанқызы

«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім

беретін

орта мектеп» КММ-нің әлеуметтік

педагогы

Просмотров: 436

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст