«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорт – таусылмас азық, өнер – сарқылмас байлық

25.10.2017

Спорт –

таусылмас азық, өнер –

сарқылмас байлық

 

2017 жылдың 16-23 қазаны

аралығында «М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ-де  «Спорт – таусылмас азық, өнер – сарқылмас

байлық» атты АӘД, дене шынықтыру, технология, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану

пәндерінің апталығы болып өтті.

Апталықтың мақсаты – оқушылардың

бойында рухани-адамгершілік қасиеттерді дамыту, патриоттық сезімге тәрбиелеу,

салауатты өмір салтын насихаттау және мұғалімдердің кәсіби өсуіне жағдай

жасау. 

Апталық барысында жоспарланған

жұмыстардың барлығы өз дәрежесінде өткізілді. 5-6сыныптар аралығында «Толағай»

эстафеталық сайысы (пән мұғалімдері: Сейдахметов А.Е., Өнер А.) өткізіліп,

нәтижесінде ерекше спорттық шеберліктерімен 6 «А» сыныбы жеңіске жетті.

«Жарайсың!» атты жоба қорғау сайысында (пән мұғалімдері: Искакова Ш.Ж, Жангожин

Н.Е.,Талибаев К.С.) балалар өз жобаларын ортаға салып, ең үздік деп танылған

бейнелеу өнері пәні бойынша 6 «А» сынып оқушылары – Серік Аружан мен Хайролла

Сәруардың «Натюрморт» атты жобасы I  орынды,

технология пәні бойынша 10-сынып оқушылары - Алтынбек Аружанның «Пицца дайындау»

жобасы I орынды, «Чак-чак дайындау» жобасымен Хамзина Салтанат II орынды

иеленсе, сызу пәні бойынша үй макетін қорғаған 10-сынып оқушысы - Абдикаримов

Тұрар «Жас архитектор»,  технология пәні

бойынша 10-сынып оқушылары Беспалина Алуа «Бисквитті торт дайындау» жобасымен

«Нәзік саусақ», сым және металлдан «Жүзік соғу және әшекей бұйымдар жасау»

жобасын қорғаған Жанайдаров Заманбек, Сейітқали Арлан «Сиқырлы күш»

номинацияларымен марапатталды.

Сонымен қатар, апталық

барысында 5-сыныпта   «Мен-Адаммын!»  атты  тақырыпта өзін-өзі тану пәнінен (пән

мұғалімдері: Абдильманова Б.З. Изматова Э.Т.), «ҚР Қарулы Күштер жалпы әскери

жарғылары, нышандары» атты 10-сыныпта АӘД пәнінен ашық сабақтар өткізілді.

 

 

   

Просмотров: 277


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст