«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Спорт-таусылмас азық, өнер-сарқылмас байлық

08.11.2017

Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру бірлестігінің

«Спорт-таусылмас азық, өнер-сарқылмас

байлық» атты айдарымен өтетін апталықтың ашылу салтанаты

Салтанатты

музыканың ырғағымен сахнаға екі жүргізуші /оқушылар/ шығады. Жүргізуші ұл

әскери  киінген, ал қыз бала спорт

киімімен шығады).

Жүргізуші:

-Армысыздар ардақты

алқалы жұрт!

 Жүргізуші:

-Қайырлы күн!

Таңмен таласа оянып білім алуға асыға басып мектепті

бетке алатын барша оқушылар мен аяулы ұстаздар.

Ұстаздар демкші бір түрлі ән айтқым келіп тұрғанын

қарашы:

(Ұстазым менің ұстазым

Өзіңмен өткен қыс жазым

Қалдырған ізің мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің ұстазым)  деп әндете жөнеледі.

Жүргізуші:

 

----------------не істеп

тұрсың, ұстаздар мерекесі әлдеқашан өтіп кетті емес пе? Ән айтқаның қалай?

(бір біріне жалт қарайды  да)

Жүргізуші:

 

-Мәс саған, ----------------- не киіп алғансың? Мектеп формасы қайда, әскерге барғың кеп жүргеннен

саумысың өзің?

Жүргізуші:

-Әуелі өзіңе қарап ал,

сен де спорт киімімен келіпсің ғой?

Жүргізуші:

-Ана бір түймең үзілейін

деп қалыпты, кел қадап берейін деп (ине-жібін алып --------------

жақындайды).

------------------

-Рахмет тоқтай тұр, әуелі

мен ана бір шегені қағып алайын шығып кетіпті біреудің аяғына кіреді  ғой(----------------сахнадағы шегелерді

балғамен ұра бастайды).

Жүргізуші:

-----------------------

осы сен екеуіміз сахнаға не үшін шықтық, не боп кетті өзі, ән, ине-түйме,

балға-шеге әскери және спорт формасы?

Жүргізуші:

Өзімізді-өзіміз таныту

керек ғой!

Жүргізуші:

-Олай болса бастаймыз ба?

Жүргізуші:

 

-Әрине, бастасақ бастайық.

Бүгін өнер, еңбек, дене шынықтыру,

Жүргізуші:

 өзін-өзі тану және алғашқы әскери даярлық пәндер

бірлестігі апталығының ашылуына (екеуі бірге) қош келдіңіздер!!!

Жүргізуші:

-Олай болса аталмыш

пәндер бірлестігінің мүшелері мұғалімдерімізді сахна төріне шақырайық.....

Жүргізуші:

Бірлестіктің жетекшісі,

Бәрініңде жанашыры.

Доп қуғызып,жүгіртетін,

Шаршататын, түңілтетін

Ұзындыққа, биіктікке

секіретін

Ентіктіріп кекіретін

Бақшагүл апайды қарсы алайық

Жүргізуші:

Талай жарыс өткізетін,

Мәреге бізді жеткізетін

Доп ойнатып спорт залда

Қыста шаңғы тепкізетін,

Оза шауып жарыстарда

Жүлде алғаны талай бар

Бізді спортқа баулып,

жүрген

Айбар мен Адалбек ағайлар.

Жүргізуші:

Ұнатар әр кез қолдауды

Жүретін ойлы толғаулы

Болат ағай үйретер

Отанды, елді қорғауды

Жүргізуші:

Ұстатып балға сүргіні,

Қайнаған еңбек қызулы,

Арамен қалай кесуді

Үйретеді тағы көп шеберлікті

Ол біздің тамаша Нұржан

ағай

Жүргізуші:

Сабақтауды инені

Қадауды қалай түймені

Кесуді қалай кеспені

Тоқуды қалай кестені

Осының бәрін үйретіп

Шеберлікке баулитын

Шара апай ортада.

 

 

Жүргізуші:

Байыппен тыңдап сөзіңді

Байқайды мінез , сезімді

Эльмира апай танытар

Өзіңе әкеп өзіңді.

 Жүргізуші:

Арқалап әр кез жүреді,

Домбыра, баян аспабын.

Үйретіп жүр өнерге,

Талапты талай жастарын.

Шаңдатып жүреді үнемі

Мектеппен ДК арасын

Өнердің бәрін меңгерген

Нұргелді ағай ортада.

Жүргізуші:

Қыл қаламның сиқырын

білгізетін,

Суреттерді тақтаға

ілгізетін.

Баулитын шәкірттерді мол

өнерге,

Қайсар аға бәрімізге

өнеге.

 (бірлестік мүшелері сахнада қатар тұрып

өздерінің ұран мен мақсаттарын айтады).

 Біздің мақсатымыз:

Дені сау, бәсекеге

қабілетті, өнерлі, қажырлы қайсар, жан-жақты білімді ұрпақ қалыптастыру.

(Бірлестік

жетекшісі апталықтың өтетін ашық сабақ және іс-шаралардың бағдарламасымен

таныстырады).

Жүргізуші:

"Құлақтан кіріп

бойды алар

Әсем, ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең менше сүй

"-деп Абай атамыз айтқандай. Олай болса осы ұстаздарымыздан тәлім алып жүрген

талантты оқушылардың шағын концертін ұсынамыз, қабыл алыңыздар!

1."-------------------------" күйі орындайтын ---------------------------------

2. "Ертегілер, ертегілер"

әні орындайтын ----------------------------------

Жүргізуші:

 

Құрметті оқушылармен

ұстаздар! Осымен Өнер, еңбек, дене шынықтыру, өзін-өзі тану

және алғашқы әскери дайындық пәндер бірлестігі апталығының ашылу салтанаты өз

мәресіне жетті.

Назарларыңызға

рахмет!

 

 

 

 

Просмотров: 946

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст