Тренинг тақырыбы: Қарым-қатынас және адамгершілік
Тренинг мақсаты: Балалар арасындағы
қарым-қатынасты нығайту, адамгершілік қасиетін жоғарылату.
Көрнекілігі: Парақ және қаламсап.
Күтілетін нәтижесі: Кез келген жағдайда қарым-қатынаста
бір-бірін түсіне білу.
Тренинг жоспары:
1. Кіріспе
2. «Таныстыру» тренингі
3. «Мен түсінемін»тренингі
4. Жаттығу.(3 минут) «Бір күні»
5. «Тілек білдіру»тренингі
Тренинг ережесі
Бірін-бірі тыңдау
Қарым-қатынастағы шыншылдық
ережесі
Топтағының сыртқа шықпауы
Әр түрлі адамдардың
қарым-қатынасы
Белсенді қатысу
Сөйлеушіге рахмет
«Таныстыру» тренингі. Қатысушылар өздерін бір үлгідегі көйлек
ретінде таныстырады. Яғни, таныстыру барысында қандай матадан, қайдан шыққаны,
қандай үлгіде жасалған, оған салынатын бейнелер түрінде таныстырады. Мысалы,
«маған көкшіл түсті тура, кеудесінде қазаққа тән оюлар салынған, жағасы жоқ
алдыңғы жағы төртбұрышты боп ойылған, жұмсақ хб матадан тігілген, жені ұзын,
өте ұзын емес тізеге келетін. Аққу фирмамнан шыққан көйлекті таңдар едім» деп
таныстырады.
«Мен түсінемін» тренингі. Мұнда балалар өз
ата-аналары туралы айтады. Яғни, баланы қуантатын және ренжітетін жағдайларды
параққа түсіреді және қорғайды.
1.Менің анам қуантады.......
2.Менің әкем ренжітеді......
Талдау: -Қай жағы көп болды? Қуантатын сәттері ме, әлде
ренжітетін сәттері ме? Неліктен ол жағы көп деп ойлайсыз?Оның көп болуына
ата-ананың әсері бар деп ойлайсыз ба?
Жаттығу (3минут) «Бір күні»
Талдау.
5. «Тілек білдіру»
Қорытындылау.