«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қисық өскен ағашта көлеңке болмайды

23.01.2018

Қисық өскен ағашта көлеңке

болмайды

         Білім беру

мекемелерінің  Елбасы  Жолдауындағы 

маңызы қандай? Осыған тоқталып өтсем, білім беру, денсаулық сақтау,

әлеуметтік қорғау қызметкерлерінің 

әлеуметтік пакеттерін қайта қарастыру керектігі айтылды. Елбасы осы

Жолдауында мемлекеттік қызметкерлердің 

айлықтарын  көтерудің жаңа моделін

жасауды ұсынды. Үкіметке денсаулық сақтау қызметкерлерінің жалақысын  28пайызға, білім саласында  29пайызға, еңбекті қорғау, әлеуметтік салада  40 пайызға көтеруге тапсырма берді.

         Осыған

байланысты өңіріміздегі жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу орталықтарының

потенциалын біріктіріп, олардың зертханалық базасын ғылыми-зерттеулерге және

маман даярлауға ортақ пайдалануүрдісін енгізуіміз қажет.Елбасы олардың мақсат-мүдделерін  ойлап, қоғамның толыққанды мүшесі ретінде

қамқорлық білдіріп, жұмысқа қабылдауды тапсырса, ал біз, білім беру мекемелері

инклюзивті білім мен тәрбие беруді жандандыруымыз керек.

Жолдаудағы басымдықтарды әрбір

жетекші құр түсініп қана қоймай, оны жүрекпен қабылдауы керек. Бұл жүйелі жұмыс

тәрбиелік мәнге ие, яғни ол отбасынан қалыптасып, патриоттық сезімге тәрбиелеуі

тиіс. Үш және алты жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100% қамтамасыз

ету, мектептерді салу, ұстаздардың жалақысын көтеру - ол бір ұлттың болашақ

ұрпағының тәрбиесі мен білім алуына жан-жақты қамқорлық көрсетуінің белгісі.

Біздің халқымыздың алдында нақты міндеттер мен тапсырмалар қойылған. Олардың

жүзеге асырылуына бір атаның баласындай күш салуымыз керек. Әсіресе, білімді

және талапты жастардың орны маңызды. Әл Фараби данышпан айтпақшы, «Тәрбиесіз

берілген білім -адамзаттың қас жауы. Ол оны келешекте орны толмас қателіктерге

ұрындырады». Әрбір жеткіншекке біліммен қатар ұлттық тәрбие нақыштарын тұла

бойына сіңіру - әрбір ұстаздың басты мақсатына айналуы тиіс. Балдырғандарды

тәрбие тезіне салуымыз уақыт күттірмес маңызды мәселе. Ыбырай Алтынсариннің

«Бақша ағаштары» әңгімесі көпшіліктің есінде. Сондағы әкесінің ұлына берген

өсиеті қандай мағыналы?! Дұрыс тәрбиемен көгерген сәби түзу болып өседі,

болашаққа ұмтылып, биікке түзу бой түзейді. Ал теріс тәрбие жетегінде кеткен

ұлан - қисық біткен бұтақ, қыңыр өскен ағаш секілді. Жақындасаң, тікенегі

кіреді. Көлеңкесін саялай алмайсың. Сондықтан ұрпақ тәрбиесі – халықтық маңызды

іс.

Просмотров: 555

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст