«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Суйцид- өзекті қоғамдық-психологиялық мәселе

20.02.2018

 

Суйцид- өзекті

қоғамдық-психологиялық мәселе

«Өзіне –өзі қол жұмсайтын адам өлімнен қорықпайды,өмір

сүруден қорқады.»

В.Франкл.

Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша өзін-өзіне қол жұмсау мәселесі қоғамды дүр

сілкіндірген жағдайдың бірі. Өз-өзіне қолжұмсау деген сөздің астарынан екі

түрлі түсінікті қарастыруға болады: біріншіден, жеке мінез- құлықтық әрекет,

екіншіден әлеуметтік көрініс, кейбір адамдар өз еріктерімен өлімге барып

жатады. Мінез құлықтық әрекет бұл психология, этика және медицина ғылымдарының

зерттеу пәні болып табылады, ал өз еркімен өлімге баратындар әлеуметтік

саланың, әлеуметтік психологияның зерттеу аумағы болып есептеледі. Өзіне-өзі

қол жұмсаудың себептері сан алуан болуы мүмкін,бірақ, суицидке баратын

балалардың бойындағы өзгерістер бір-біріне ұқсас келеді.

           Мектеп жасындағы

оқушылардың өзіне-өзі қол жұмсауының бірнеше себептері болуы мүмкін. Атап

айтсақ:

          Болашаққа шарасыздықпен қарау,

арман-мақсаттарының болмауы:

Ішкі эмоциялық жағдайдың бұзылуы;

Әлеуметтік шеттетілу;

Жанұядағы жайсыз психологиялық ахуал;

Өзіндік «Менінің» жоғалуы;

Сыртқы ортаның қысымы: күш көрсету,ақша сұрау т.б.Өзіне-өзі қол жұмсауға

бейім балаларға көрсетілетін әлеуметтік-психологиялық көмектер  төмендегі факторларды түзетіп-дамытуға

бағытталады:

1.Баланың өзіне деген бағасын жоғарылату.

2.Баланың өзіне деген сенімін туғызу және нығайту.

3.Эмпатия сезімін қалыптастыру.

4.Баланың ата-анасына деген жағымды көзқарасын арттыру.

5.Ішкі жан күйзелісі мен дағдарысты жеңуге үйрету.

6.Суйцидтік мінездің түрін анықтау.

7.Баланың өміріндегі қиындықтарды шешу жолдарын көрсетіп,болашаққа үмітін

ояту.

8.Баланың ата-анасымен әңгімелесу,кеңестер беру.

9. Баланы жеке қалдырмай, күйзелісті жеңуіне көмек беру.

10.Өмірге деген қызығушылығын туғызу үшін мектепішілік іс-шаралар түрлеріне

үнемі қатыстыру.

Қазақстанда ЮНИСЕФ қоры мен

денсаулық министрлігінің қолдауымен кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің

алдын алу бағдарламасын енгізіп жатыр. Бұл бағдарлама әр аймақта өз кезенімен

атқарылып жатыр. Денсаулық пен өмірліктің дағдыларын қалыптастыру, сондай-ақ

кәмелетке толмаған арасындағы суицидтің алдын-алу бағдарламасы 2018 жылдың

қаңтар айынан бастап біздің мектепте де атқарылуда.Бұл бағдарламаның

мақсаты  өткізілетін үш іс-шараның

көмегімен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті

мінез-құлықтың алдын алу. Мектеп ұжымын оқыту,қатысушылар тобы-педагогтар,

себебі олар балалармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайды және оқу жылы бойына

олармен көп уақыт өткізеді. Қиын жағдайда жүрген және «Тәуекел тобындағы»

оқушыларды анықтауға, сонымен қатар оларға қажетті көмекті бағытталған

жұмыстары жүргізіліп, жадынамалар таратылды. Ата-аналар арасында жиналыстар

өткізіліп, түсіндірмелі жұмыстары өтті.Бұл бағдарлама 8-9-10 сынып және 1-курс

колледж студенттері арасында қарастырылған. Жасөспірімдерге арналған

сауалнамалар, интерактивті сабақтар үш апта көлемінде дәріс түрінде

өткізілуде.Дәріс барысында балалар стресс, психикалық денсаулық,дағдарыс және

депрессия тақырыптарын талқылайды. Сонымен қатар, олар суицидалды ойлар

туындағанда өзіне және өзгелерге қалай көмектесуге болатыны туралы біледі,

қолдау табу үшін баруға болатын медициналық, әлеуметтік психологиялық қызметтер

туралы ақпарат алады.

                                                 Педагог-психолог:   Т.Ғ.Латипова

Просмотров: 686

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст