Бүгін мектебімізде қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қазбаева Жазира Манарбекқызы « Отбасы тәрбиесі- өскелең ұрпақтың азаматтылығын тәрбиелеудің негізі тақырыбында жалпыұлттық ата-аналар жиналысын өткізді.Күн тәртібінде :
1. 2018-2019 оқу жылының аяқталуы және қорытынды аттестациядан өткізу туралы .Оқу ісінің меңгерушісі : С.С.Дүйсенова
2. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру - тәрбие негізі» Тәрбие ісінің меңгерушісі:Д.М.Кенжина
3. «Отбасы – оқушылардың тәрбиелік және дамытушылық ортасының негізі». Педагог- психолог :Т.Ғ.Латипова
4. «Отбасындағы зорлық – зомбылыққа жол жоқ!» Ювеналды полиция қызметкері:Трифонова Анна Сергеевна
5. Әртүрлі мәселе
А. Балалардың жазғы демалысын ұтымды ұйымдастыру. Биылғы жылы 3-28-ші маусым аралығында « Күншуақ» лагерьі жұмыс атқаратын болады. Лагерь үш тілділік бойынша жұмыс атқарады. Сонымен қатар АББ тұлдыр жетім , көп балалы, аз қамтылған, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан балаларға жолдама береді. Жылдағыдай жаз мезгілінде балаларды тарих пәнінің мұғалімі Т.О.Нұрсейітов архелогиялық қазба жұмыстарына апарады. Мектеп формасы бойынша былтырғы фирма жұмысын жалғастыратын болады.