«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бастауышым- балбұлағым

16.05.2019

 

Тақырыбы:  «Бастауышым- балбұлағым» 

Мақсаты:

1. Білімнің сара жолы бастауышта басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қалатынына көз жеткізу. 
2. Бастауыш сыныбымен, алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, орта буында дәріс беретін ұстаздармен таныстыру, әр баланың ерекшелігін таныта отырып, сәт-сапар тілеу. Білім берер ордасы – мектепті ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру. Өз Отанының адал ұлы мен қызы болуға тәрбиелеу. 
Ашылуы: қазақ биі

Мұғалім: Қош келіпсіздер, құрметті, ата – аналар, қадірлі ұстаздар, қонақтар! Бүгін 4  сынып оқушылары үшін ерекше ұмытылмас күн. Өйткені, олар бастауыш сыныптың түлектері. Міне, бойлары да, ойлары да өсіп,бастауыш сыныпта  білім алып, аяқтап, орта буынға өткелі отыр.

Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,

Жол табар қараңғыда адасқанда.

Мал озбас біле білсең білім озар,

Ақыры керек болар бір сасқанда – деп Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл ойлары толысып, оң мен солын танып жақсы мен жаманды айыра білуді үйренген шәкірттеріміздің   ұйымдастыруымен өткізілгелі  отырған «Бастауышым - балбұлағым» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз.

Толқимыз , толқып тұрсыз баршаңыз да

Мұндай күй болған сірә қаншаңызда

Қол соғып, қошеметтеп шақырайық

Бастауыш түлектерін ортамызға!

 Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.

Бала шаққа болашақты  жырлатып,

Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты .

Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,

Армысыздар , ұстаздарым қымбатты!                Аймжан

 

Армысыздар, әжелер мен аналар,

Ұрпағыңыз күнде өзіңнен бата алар.

Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,

Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар              Әмір

 

Армысыздар өр тұлғалы әкелер!

Қыран құстай балапанын мәпелер.

Бүгін міне бастауышпен қоштасады,

Азамат боп , кешегі сәби- еркелер!              Дана

 

Бастауыш бала үшін өмір мәні,

Бастауыш бала үшін өмір сәні

4 жыл оқып, бастауышты тәмамдап

Бүгін міне қоштасады барлығы,

Саламат па, екенсің, жайсаң елім

Еңселі  мектебімнің қонақтары.         

 

Хормен: Мектеп – кеме,Білім-теңіз,

Барар жолға тез жетеміз.

Адаспаймыз ұлы жолда

Ұстаз берген білім қолда.

Ән : «Мектебім ,аяулы мектебім»

І жүргізуші:  Иә мектебімізге қандай жыр арнасаң да жарасады. Ендеше оқушыларымыздың мектепке арнаған жырларын тыңдайық

Ұлылықты аруақ тұтар үнемі

Алтын ұя ақ босаға киелі

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.                  Дильназ

 

Мектеп – үйім, ұстаз – менің ата – анам,

Сенен өсіп, сенен ғана нәр алам

Саяң ыстық, сен мәуелі бәйтерек,

Тамырланып сан тарапқа таралған.           Олжас

 

Армысың сен , алтын ұя мектебім

Саған айтар жыр- алғысым көп менің

Жүректерге жаққан білім шырағын ,

Мектебіме арналады бұл әнім!                         Бекжан

 

Мектеп деген білім кені , жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға.

Мектеп деген даналардың мекені.

 

 Ұлылықты ардақ тұтар үнемі,

Алтын ұя, ақ босаға киелі.

Қанат қаққан білім алып өзіңнен,

Күллі шәкірт саған басын иеді.

 

Оқушы:  Иә осыдан 4 жыл бұрын , біз 6 жастағы сәби -балалар сөмкемізді зорға көтеріп, мектеп табалдырығын жасқана аттаған едік.

Оқушы:  Енді міне  сауатымызды ашып, білім негізін қалаған бастауыш мектеппен қоштасып, орта буын қатарына қосылғалы тұрмыз.

Оқушы:  Иә, міне сағымдай өте шыққан  4 жыл ішінде біздің ұстаз- анамыз сауатты, тәрбиелі, өнегелі азамат етіп шығарды.

Оқушы:  Ендеше бастауыш сыныбымыз туралы неге айтпасқа !

 

Бастаушым-балбұлағым,                        Нұрислам
Алдым сенен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рахметімді жаудырам.
Бастауышым – балқұрағым, 
Лаулап жансын шам-шырағың.
Өзің берген біліміңмен
Самғап ұшты тау қыраным.
Өтті сенде қызық шағым,                А.Жасмин
Бастауышым – балбұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
 

 

 « Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға»,-деп Абай атамыз айтқандай , алғаш қолымызға қалам ұстатып, оңымыз бен солымызды танытқан, бізбен бірге қуанып, 42 әріпті танытып , білім нәрімен сусындатқан, мектептегі анамыз- ұстаз екені бәрімізге мәлім. 

Әр шәкіртін өз баласынан кем көрмей, оқуға , жазуға үйреткен  мұғалім еңбегі шексіз. «Мұғалім – мектептің жүрегі» – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған.

Дұрыс айтасың ғылым иесі  ғалым да , ел қорғаған батыр да , тілінен бал тамған ақын да , тегеуріні темір балқытқан  жұмысшы да, көкті шарлаған ғарышкер де, бәрі- бәрі ұстаздан білім  мен тәрбие алған.

Иә ,бұл туралы батыр Бауыржан атамыз: «Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді» деген екен. Олай болса келесі жырларымызды ұстаздарымызға арнаймыз!
Ұшырса да бұл өмірдің сан құсын,
Ұстаз-ғалым толастамас мәңгі ісін.
Тыншымайтын асыл жандар аяулы, 
Тыңдаңыздар шәкірттердің алғысын

Ұстазым! Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңның жас талабын

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Мұғалім ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың,

Өмірде сенің алар орныңа

Бәрі де жеткізе алмас бағаларын.                 Аяжан

 

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан

Жансыз ғой әлдилеген шуақты орман

Жатталады жан жүректе есіміңіз,

Анамның аяулы үні сияқталған.                        А.Жасмин

 

Шәкірттер сіздерді айтып мақтанамыз,

Бейнеңіз жүректерде сақталады,

Біз әлі биіктерден көрінеміз

Үмітпен сеніміңіз ақталады.        

 

 Алғашқы ұстаз анамызбен тең келеді,              Жанерке

Бар асылын бізге жиып, мол береді

Қанатымен су себелеп асыл жан,

Әр шәкіртін баласынан кем көрмейді.

 

 

Тек үйреттің әділдікті, адалдықты,             Б.Жасмин

Жирендік, ажыраттық жамандықты,

Жалғастырар ақ жолың сенің салған,

Бар деп ұққан әрқашан балаң мықты.     

 

 

Ән:»Ұстазым»

Ұстаздарға арнау: Бізге білім беріп жағдайымызды жақсартуға жан салып жүрген ұстаздар қаншама десеңізші! Сол ізгі ниетті ардақты жандарға арналған лебізімізді білдіруге рұқсат етіңіздер!

Баулыған әрбір өнерді,

Қайсар ағай өнерлі.

Әсем бейне  шебері,

Әрбір сөзі мәнерлі.

Қызықтырып  суретке

Бізді үйретіп келеді.

 

Орыс тілін құрметтеп,

Сүйеміз шын жүректен.

Мұғалім анамыздай,

Толқын апайға мың алғыс,

Көңілдерге гүл еккен.

 

Өз аузына қаратқан,

Адалбек ағайды ұғамыз.

 Денемізді шынықтырып,

 Сәл есейіп шығармыз.

 

Кемшілікті кезінде,

 Кесіп айтар өзіңе.

 Өнеге мол сөзіңде,

 Өсиет көп сөзіңде.

 Көп шәкірттің досындай,

Айбар ағай  осындай.

 

Баулыған әрбір сабағын,

...             апай білімді.

Қызықтырып біздерді,

 Бізге білім береді.

 

Үйренеміз жалықпай,

Ағылшын тілін шарықтай.

Тіл сындырып,ән айтып,

Шаттанамыз қалықтай,

Айнаш апай тәлімі

Сәулесін шашқан жарықтай.

 

Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?

Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?

Бастауышта алған білім, жырларым,

Азық болар , мәңгі талай жылдарға.

 

Бастауышым- бал бұлағым ,

Алдым сеннен балдың дәмін.

Әріп танып, білім алып

Рахметімді жаудырамын.

 

 Бастауышым- балбұлағым

Лаулап жанған шам шырағым.

Өзің берген біліміңмен,

Самғап ұшар тау қыраның.

 

 Өтті сенде қызық шағым,

Бастауышым- бал бұлағым.

Қоштасар күн жетті міне,

Қимастықпен қол бұлғаймын.

Біздер бастауыш сыныпта жоғары сыныптарда өтілетін Әдебиет, тарих, биология, алгебра , физика, химия т б пәндерге негіз болатын ана тілі, математика,дүниетану, орыс тілі,пәндерін зер салып оқып үйрендік.

 Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл- білім үйреткен.

Әдебиетті оқыдық ,

Ерекше зор құрметпен.

 

Ойланып есеп шығартып,

Төрт таңбаны білдірген.

Ғылымдардың патшасы,

Математика данасы

 

 Қазақ тілі пәнінен,

Білім алды балалар.

Сөйлемді, сөз таптарын,

Етістіктің шақтарын,

Жалғаулар мен жұрнақтар.

Ережесін жаттадым.

 

 Ой жіберсең бәріне ,

Дүниетану пәніне.

Өмір сырын үйретер,

Пәннің жақсы бірі де.

Жер байлығы көп екен,

Игеруді қалайды.

Осының бәрін білдірген ,

Дүниетану сабағы.

  Ән: «Ұстаз-ана»

Біздің жамандығымызды жасырып, жақсылығымызды асырып жүрген біздің ата- анамыз. Қатарымыздың теңі болып , тамағымыз тоқ, көйлегіміздің көк болып жүруі де  сол кісілердің арқасы.

 

Ыстық- ау кім- кімге де әке деген,

Суыққа шалындырмай, мәпелеген.

Өмірдің соқпағымен өрге тартып,

Алдымен адам бол деп жетелеген

 

Әкешім тілеуімді тілеп жүрген,

Аумайсың жарығы мол ашық күннен.

Шаршайсың жұмыс істеп біздер үшін.

Ақылды балаларың оны білген.

 

Әр ана өз баласын мейірімді болса екен, жақсы оқып,елге қалаулы азамат болса екен дейді. Халқымызда мынадай бір нақыл сөзі бар: «Анаңды Меккеге үш рет арқалап барсаң да борышыңды өтей алмайсың» деген .Алайда ардақты анамыздың ақ сүтін ақтай білгенге не жетсін!

 

 Дүниеге әкелген ,ол да сенің анашың,

Ақ сүт беріп өсірген , ол да сенің анашың.

Тіл алмасаң кешірген , ол да сенің анашың,

Мәпелеген баласын,аман болсын анашым!

 

 Кеудемнен сезім селі ақтарылсын,

Болармын күні ертең- ақ мақтанышың.

Білім алып, тер төгем , еңбек етем,

Өзіңнің сеніміңді ақтау үшін!

 

Әкелдіңіз білім ал деп мектепке,

Жетектеп арман қуған балаңызды

Рахмет айтамыз ата – ана,

Басымызды иіп біздер мәңгілікке.

 

Ән: «Қос  бәйтерегім»»

 

Мұғалім :

 

Ғылымды терең меңгеріп,

Үмітті сендер ақтаңдар

Мектепті үздік бітіріп,

Ұстаздың болшы мақтаны!

Шығыңдар білім шыңына,

Аманат осы сендерге

Болыңдар үздік тағы да

Оқуда және еңбекте

 

 


Бастауышпен қоштасу салтанатын аяқтай келе 4 сыныпты аяқтағалы  отырған оқушыларыма үнемі жақсы оқуларыңмен болашақ тәуелсіз еліміздің тірегі болар азамат болып өсіңдер.

Алдарыңда ұзақ жолың бар, 
Оқумен өсіп толыңдар.
Қиындыққа мойымай
Аман-есен болыңдар!  дегім келеді.
 

 

Ұстаз тілегі:
Өздіріңмен адымдап аспандаймын,
Сендер барда ешкімнен жасқанбаймын.
Бастауышты бітіргелі тұрған сендер,
Ал мен тағы бір белестен асқандаймын.
Мен үшін бәрің бірдей, қарақтарым,
Орындалсын арман, тілек талаптарың.
Самғаңдар биіктерге, қайырмасын
Енді ғана қатайған қанаттарың.

 

Ата-аналар құттықтауы.

 

Просмотров: 507


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст