«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

1- Мамыр

30.04.2019

«Қазақстан – бірлік пен татулықтың мекені»    

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

             Қазақстанда тұрып жатқан басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын қалыптастыру, ұлттық қарым - қатынасын, халықтар достығын нығайтуға тәрбиелеу бүгінгі кештің ең басты мақсаты болды. «Бірлік болмай тірлік болмас» деген  сөз бекерге айтылмаған. Берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған. Бүгін Қазақстан халқы 1 мамыр ынтымақ пен бірлік күнін тойлап жатыр. «Береке бастауы бірлік, ел іші тату тірлік» қағидасын ұстанған ел үшін бұл мейрамның орны ерекше.

         Соған орай біздің мектебімізде  басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету мақсатында . «Қазақстан –бірлік пен татулықтың  мекені » атты мерекелек іс-шара өтті. Іс-шарамызға қазақ, орыс ,түрік , үнді, неміс ,украин ,кавказ,өзбек,қырғыз, кәріс, түрік мәдениеттері өз өнерлерін көрсетті .Қазақ мәдениеті болып 0-1 сыныптар«Қара жорға» биін билесе, 2-сыныптар  орыс халқының киімімен ерекше көзге түсіп, орыс мәдениетінің  көрінісін көрсете білді. 3-сынып оқушылар украина халқының мәдениетін көрсетсе ,4- сыныптар өзбек халқының түрлі билерін флешмоб арқылы халыққа  жеткізе білді.  5-сыныптар  неміс халқының киімімен тамаша билеп шықша , 6-сынып оқушылары үнді мәдениетінің  әні мен биін өте жақсы деңгейде  театрьлық өнермен сомдап шықты. Қырғыз, кәріс, кавказ түрік мәдениеті де өз өнерлерін ортаға паш етті .  Балалар шығармашылық үйінің вокал мұғалімі  Рамазан Досан түрік әнін барша көрермендерге паш етіп  орындаса 3 –сынып оқушылары  1-мамыр сиволымен орташа  шығарылды. Мерекелік іс-шара кезінде оқушылардың бір- біріне деген бірлік ықыластары,сыйластықтары   тату тәттіліктері  ерекше айқын көрініс тапты .

       Тұңғыш президентіміз айтқандай халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

 


«М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп»КММ
Аға тәлімгер Асылбек Г.Б

Просмотров: 459


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст