Қазақстан тарихы пәнінен 11 сыныпта өтілген ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ-жоңғар қатынастары.
Сабақтың мақсаты: Оқұшыларды ҰБТ-ға сапалы дайындау.
Білімділік:Қазақ-жоңғар қатынастары туралы өткен тақырыптарды жүйелеу және бекіту;
ХҮІ-ХҮІІІ ғасырлар кезіндегі Қазақстан жеріндегі қалыптасқан жағдайларды қамти отырып, Қазақ хандығының саяси кезеңдері туралы баяндай келіп, оқушылардың өз халқының тарихын толық меңгеруіне ықпал ету.
Дамытушылық: Оқушылардың тарихи оқиғалар жөнінде өз көзқарасын қалыптастырып, ой қорытуға дағдыландыру. Түрлі тірек – сызбалар мен танымдық тапсырмалар арқылы тарихи ой - өрісін кеңейту.
Тәрбиелік: Өз елінің тарихын білуге, Қазақ тарихындағы мемлекет қайраткері ретінде халқына сіңірген тарихи еңбегін бағалай білуге, құрметтеуге, ұлтжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: интерактивті
Сабақтың типі: өткен тақырыптарды қайталау және бекіту сабағы
Сабақтың әдісі: ауызша баяндау, сұрақ - жауап. Түрлі тірек - сызбалар, түрлі танымдық тапсырмаларды орындау
Сабақтың көрнекілігі: электрондық презентациялар, карточкалар, кластер, тест, бағалау парағы, карта, тірек - сызбалар, т. б.
Сабақтың барысы:
-Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылармен амандасу.
Оқу құралын тексеріп түгендеу.
Топтарға бөлу:
І топ «Білімділер»
ІІ топ. «Білгірлер»
ІІІ топ. «Тапқырлар»
Жұмыс барысымен танысу.
Тренинг: Әрқайсыңыз бір жұлдысыз. Әлемді ұстап отырған сіздерсіз! Болашақ сіздердің қолдарыңызда. Ал осы қолымызға қаншалықты көңіл аударамыз?
Ендеше бәріміз алақанымызға қарайық, мұнда не көреміз? Ойлы-қырлы сызықтар, жылылық, алақандарымызды бір-бірімізге көрсетіп, жылылық, сәттілік тілейік.
Бас бармақ-мен, балаң үйрек-сізге, ортан терек-әлемдегі, шылдыр шүмек-барлық, кішкентай бөбек-жақсылықты тілеймін.
Сәлем досым! Қол беріп амандасамыз.
Қалың қалай? Иығын қағып амандасамыз.
Қайда болдың? Бір-бірімізбен кулағының ұшын тартып амандасамыз.
Сағындым! Өз жүрек тұсын ұстаймыз.
Сен келдің бе? Екі қолын жаяды.
Керемет! Құшақтасады.
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
"Миға шабуыл"-"Көшпенділер" көркем фильмінен үзінді- "Қазақ-жоңғар қатынастары".
Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай?
Бүгінгі сабақтың тақырыбы "ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ-жоңғар қатынастары".
Қазақ-жоңғар қатынастары туралы өткен тақырыптарды еске түсіру арқасында оқушылардың тақырып бойынша ҰБТ-ға дайындықтың сапасын анықтау.
р/с |
Уақыт |
Сабақтың кезеңдері |
Ұстаздың іс әрекеті |
Оқушының іс әрекеті |
1 |
1 минут |
Тренинг-психологиялық дайындық |
Тренингті өткізеді |
Екі адамнан қарама-қарсы тұрақала тренингке қатысады |
2 |
1 минут |
Топтаға бөлу |
Таратпа суреттер арқылы топтарға бөледі. Топ басшысын анықтайды |
Ұш топқа бөлініп жайғасады |
3 |
2 минут |
"Миға шабуыл"-"Көшпенділер" көркем фильмінен үзінді |
Балалар бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай? |
Тақырыпты анықтайды |
4 |
2 минут |
Тақырып бойынша электрондық презентация |
Презентацияны өткізеді |
Презентациямен танысады |
5 |
8 минут |
а) Топтық жұмыс
ә) тест сұрақтарын дайындау |
а) кластер 1.ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдай қандай болды? 2. ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдағы Қазақ-жоңғар қатынастары. 3.Жоңғар мемлекеті. ә)Бір оқушыға тақырып бойынша тест дайындау тапсырмасы беріледі |
Сұрақтарға жауап береді Кластерді қорғайды
Оқушы 10 сұрақтық тест дайындайды |
6 |
3 минут |
Топтар бір бірінің тапсырмаларын мен тестерін тексереді |
Тапсырмалардың дұрыс орындағанын бақылайды |
Басқа топтардың тапсырмаларын мен тестерін тексереді |
7 |
1,5 минут |
Рефлексия: сабақ сіздерге немен ұнады? |
Жауаптарын тыңдайды |
Өз пікірлерін стикерлер арқылы білдіреді |
8 |
1,5 минут |
Қорытындылау Бейнефильм |
Қорытынды жасайды Бағалайды |
Үйге тапсырманы жазады |