Жаратылыстану-математика бірлестігінің жоспары бойынша М.Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектебінде қаңтар айының 21 мен 28 күндері аралығында жаратылыстану-математикапәндерінің «Құзіреттілікке бағытталған білім – жаратылыстану бағытында» атты мектепішілік апталығы өтті.
Апталықтың мақсаты: мектеп оқыушыларының жаратылыстану- математика бағытындағы пәндері бойынша білім деңгейлерін жетілдіріп, сыныптан тыс жұмыстар барысында шығармашылық деңгейлерін арыттырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Апталық салтанатты түрде ашылды және оқушыларға апталықтың мақсаты мен жалпы жоспары таныстырылды.
Апталықтың мақсаты мен міндеттері нақтыланған соң, аптаның әр күні пән мұғалімдері ашық сабақтар мен сыныптан тыс шаралар өткізді.Әрине бұл пән мұғалімдері тарапынан өте үлкен ізденіс пен шығармашылықты талап етеді.Біздің пән бірлестігінің әр мүшесі осы талап үдесіне шыға біліп, өз шығармашылықтары мен шеберліктерін көрсете білді.