Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы мен «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубына өтетін оқушыларды қабылдау салтанаты.
2018 жылдың 13 желтоқсанында «М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін орта мектеп» КММ Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне арналған, сондай –ақ, жас азаматтарды еліміздің нағыз патриоттары, өзгерістерден қаймықпайтын,еңбекқұмар,білімге құштар,өзін-өзі жетілдіруге үнемі ұмтылатын өршіл,қайсар етіп тәрбиелеуді, дәстүрімізді,ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтарымызды қастерлейтін рухани дүниесі кең тұлғаны қалыптастыруды көздейтін Бірыңғай «Жас Ұлан», «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымы Республикалық Қоғамдық бірлестігің қатарына және өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубына мектебіміздің белсенді оқушыларын қабылдау рәсімі салтанатты түрде өткізілді. Қазіргі таңда жалпы алғанда «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымында - 87оқушы, «Жас Қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымында -48 оқушы, «Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубы -70 оқушы.