Дебат – зияткерлік рөлдік ойын, бұл өзінде бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және оқушының болашақтағы өзін-өзі жетілдіруінің кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы.
«Шабыт» пікірсайыс клубыда 1 ай жұмыс жасалынды. Қатысушылар саны: 7 оқушы. Бастапқы күндерге қарағанда, қазір балалардың сөйлеу шеберліктері дамыды. Сол жұмыстар ішінде ауқымды деген тақырыптар қозғалды. Атап өтсек: «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», балалар өз ойларын жеткізе білді. Қандай істер арқылы дамытар едің деген сұраққа, оқушылар ең алдымен қазақ тілінде мектептер ашып, ауылдарға мектеп ашар едік деп ойларымен бөлісті. Тағы да қозғалған тақырыптар: «Мен елімнің гүлденуі үшін не істей аламын?», «Қазіргі заманның құндылығы неде?», «Елін сүйген-елі сүйген Мәлік ата». М.Ғабдуллиннің мұражайына барып, тарихқа шолу жасадық.