Текст
Ұйымдар тізімі
18.05.2026
«Қош бол, даярлығым!» 🌸✨
Бүгін мектепалды даярлық сыныбымен қоштасу ертеңгілігіміз өтті.
Кеше ғана тәй-тәй басып келген бүлдіршіндеріміз, міне, енді 1-сынып табалдырығын аттағалы тұр… 📚🤍
Әр баланың күлкісі, тәтті қылығы, балалық шуағы жүректе мәңгі сақталады.
Осы уақыт ішінде бірге күліп, бірге үйреніп, талай әдемі сәттерді өткіздік. 💜
Қымбатты бүлдіршіндерім, сендерге ақ жол тілеймін!
Білімге деген құштарлықтарың ешқашан сөнбесін.
Ал ата-аналарға сенімдері мен қолдаулары үшін үлкен алғыс білдіремін! 🌷
Қош бол, даярлығым…
Қош келдің, жаңа белес — 1-сынып!

