«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Аттестат табыстау рәсімі

14.06.2021

Мектебімізде 2021  жылдың  12-14-ші маусым күндері  Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік ұландары» атты тақырыпта

жалпы және негізгі  орта мектеп  бітіргендігі туралы аттестат  табыстау  рәсімі өтті.

Он бір жыл бойы білім нәрімен сусындап, білім ордасын тәмамдаған тағы бір жас толқын үлкен өмірге қанат қақты. Аталған білім ордасын бітіруші жалпы орта мектеп  бітіргендігі туралы  13 оқушыға, ал және негізгі орта мектеп  бітіргендігі туралы  аттестат  30 оқушыға табысталды.  3-еуі »  Хайролла Саруар,Серік Аружан және Сыздыкаева Анелия«Үздік аттестат» иегерлері атанды.

Мектеп директоры Эльмира Майданқызы  мектеп түлектеріне  үлкен өмірдің алғашқы баспалдағынан өтіп, келесі биік сатыларына қадам басқалы тұрсыздар. Жоғары білім алып, Отанымыздың білікті маманы болып, еліміздің дамуына, ауданымыздың өркендеуіне зор үлес қосады деп сенемін. Қай кезде де терең білім алу жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін ұстайтын азамат болуларыңа тілектеспін!» деп игі тілегін білдіріп,қоғамдық жұмыстарға және олимпиадаларға қатысқан бірнеше оқушыларымызды,  ұл-қыздарына үлгілі тәлім-тәрбие берген үшін ата –аналарды Алғыс хаттармен марапаттады.

Салтанатты іс - шара мектеп бітіруші түлектердің  музыкалық сәлемдемесімен , жалғасты.

 

Просмотров: 397


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст