Ұйымдар тізімі
20.02.2026
Бастауыш сынып бірлестігі 17-24 ақпан аралығында «Қиялға қанат, білімге жол " тақырыбында апталық өткізуде. Апталық аясында 4-сыныпта Әдебиеттік оқу пәнінен «Күзгі құс керуені» тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушыларға күз мезгіліндегі құстар тіршілігі туралы мағлұмат беру, мәтінді түсініп оқып талдау, шығармашылық жұмыс жасау және табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру болды.
Сабақ барысында оқушылар күзде құстардың жылы жаққа қайту себептерімен танысып, мәтін мазмұнын талдады. «Ой қозғау» кезеңінде балалар құстар туралы өз ойларын ортаға салып, сұрақтарға жауап берді. Мәтін бойынша топтық жұмыстар ұйымдастырылып, әр топ шығарма мазмұнына қарай берілген тапсырмаларды орындап постер қорғады.
Сонымен қатар, сабақта көркем оқу, сөздікпен жұмыс және шығармашылық тапсырмалар орындалды. Оқушылар құстарға арнап шағын өлең жолдарын құрастырып, сурет салып, өз қиялдарымен бөлісті. Сабақ қызықты әрі мазмұнды өтті. Оқушылар белсенділік танытып, табиғатты қорғау керектігі туралы ой түйді. Ашық сабақ өз мақсатына жетіп, ұстаздар тарапынан жоғары бағаланды. Бастауыш сынып мұғалімі , педагог -зерттеуші Кошанова.А.О.
