«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

19.02.2026 күні мектепалды даярлық сыныбында «Біз нені үйрендік, нені білдік?» (Жолда жүру ережесі) тақырыбында ашық сабақ өткізілді

19.02.2026

19.02.2026 күні мектепалды даярлық сыныбында «Біз нені үйрендік, нені білдік?» (Жолда жүру ережесі) тақырыбында ашық сабақ өткізілді.
Сабақтың мақсаты – балалардың жол ережелері туралы білімдерін бекіту, бағдаршам түстерінің мағынасын түсіндіру, сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасау және дауысты-дауыссыз дыбыстарды ажырата білу дағдыларын дамыту болды. Сонымен қатар, тәртіп пен заңды құрметтеу құндылығы насихатталды.
Сабақ барысында интерактивті ойындар арқылы балалар суретке қарап сөздерді буынға бөлді, сөйлем құрастырды, жұмбақ шешіп, «бағдаршам» сөзін дыбыстық талдаудан өткізді. «Кім телефон соқты?», «Ойлан, тап!» ойындары арқылы дыбыстарды ажырату дағдылары бекітілді.
Дәптермен жұмыс кезінде қол моторикасын дамыту тапсырмалары орындалды. Сабақ соңында сұрақ-жауап арқылы қорытынды жасалып, балалар кері байланыс берді.
Ашық сабақ тартымды, белсенді және жоғары деңгейде өтті.

Просмотров: 296


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст