«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2026 жылдың 17 ақпан күні М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия КММ-де 11-сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен «Түлек жолы: сенім, қолдау және бірлік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.

18.02.2026

2026 жылдың 17 ақпан күні М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназия КММ-де 11-сынып оқушылары мен ата-аналардың қатысуымен «Түлек жолы: сенім, қолдау және бірлік» тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – 11-сынып оқушыларының ересек өмірге қадам басу кезеңінде ата-аналардың қолдауын арттыру, ҰБТ мен қорытынды емтихандарға дайындық бойынша ақпарат беру және мектеп, ата-ана, оқушы арасындағы өзара сенім мен ынтымақтастықты нығайту болды.
Іс-шара барысында ата-аналар мен оқушыларға арналған тренингтер ұйымдастырылып, эмоционалдық қолдау мен бірлік атмосферасы қалыптастырылды. Ата-аналар жиналыстың мазмұны мен форматына жоғары баға берді. Олар бұл кездесудің жүрекке жеткенін, баламен қарым-қатынасқа жаңа көзқарас бергенін атап өтті. Оқушылар да ата-ананың қолдауын сезініп, сенімдерінің артқанын білдірді.
Іс-шара тек емтихан мәселесін талқылаумен шектелмей, сенім, қолдау және бірлік құндылықтарын алға шығарды. Мұндай форматтағы кездесулер түлектердің психологиялық дайындығын арттырып, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайтады.

Просмотров: 289


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст