Ұйымдар тізімі
19.02.2026
"Адал азамат" Біртұтас тәрбие бағдарламасының "Мамандық марафоны" жобасы бойынша “Еңбек-елдің мұраты” атты отбасылық шоу-сайысы-еңбекқор ұрпақ тәрбиелеуге арналған тағылымды кеш өткізілді. Іс-шараның мақсаты: оқушыларды еңбекке баулу, отбасындағы еңбек тәрбиесін насихаттау, әр мамандықтың қадір-қасиетін ұғындыру. Бұл сайысымызда біз тек білім мен білікті ғана емес, ұйымшылдықты, шеберлікті, шығармашылықты және отбасылық бірлікті көрсете білдік. Сайыс төрт кезеңнен тұрды және төрт отбасылық топ қатысты. 1-кезең: «Еңбек-өмір өзегі» командалар топтың аты және ұранымен таныстырды. 2-кезең: «Мамандықтар әлемі» (интеллектуалдық сайыс) 3-кезең: «Шебер қол-ортақ іске» (практикалық кезең), 4-кезең: «Өнер әлемі» деп аталды. Сайыс қорытындысы бойынша І орынды "Ұрпаққа аманат" тобы, ІІ орынды "Болашаққа бағыт" тобы, ІІІ орынды "Балаға бағдар" тобы, ІV орынды "Бір шаңырақ астында" тобы иеленді. Бұл сайыста білім мен өнерді көрсетіп қойған жоқ, еңбектің қадірін, маңызын, адам өміріндегі орнын тағы бір мәрте сезінді деуге болады. Кәсіби бағдар беру педагогы: Абдильманова Б.З.
