«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Бүгін 17.02.2026 ж. 7-сынып оқушыларымен онлайн форматта биология пәнінен сабақ өткізілді.

17.02.2026

Бүгін 17.02.2026 ж. 7-сынып оқушыларымен онлайн форматта биология пәнінен сабақ өткізілді.
Сабақ тақырыбы: «Нейронның құрылысы»Мақсаты: Оқушыларға нейронның құрылысын және оның қызметін түсіндіру, жүйке жүйесінің эволюциялық күрделенуін салыстыру арқылы анықтау, талдау және қорытынды жасау дағдыларын қалыптастыру.Сабақ барысында оқу мақсаты нақты мысалдар арқылы түсіндірілді. Оқушылар жүйке жүйесінің эволюциялық күрделенуін анықтап, салыстыру жұмыстарын орындады.Сабақта интербелсенді әдістер кеңінен қолданылды: сұрақ-жауап, салыстыру кестесі және  топтық және жұптық жұмыстар
Бұл әдістер оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты терең меңгеруіне ықпал етті.
Үй жұмысы Плинтер әдісі арқылы сұралды. Сонымен қатар оқушылар білімдерін бекіту мақсатында Wordwall және LearningApps платформаларында интерактивті тапсырмалар орындады.
Цифрлық платформаларды қолдану оқушылардың қызығушылығын арттырып, өздігінен жұмыс жасау дағдыларын дамытуға мүмкіндік берді.
Аталған әдістер оқушылардың белсенділігін арттырып, тақырыпты терең әрі саналы меңгеруіне ықпал етті. Онлайн сабақ барысында оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, талдау және салыстыру дағдыларын көрсетті

Просмотров: 312


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст