«Ақмола облысы білім басқармасының Зеренді ауданы бойынша білім бөлімі Зеренді ауылының Мәлік Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Коммунальное государственное учреждение «Школа - гимназия имени Малика Габдуллина села Зеренда отдела образования по Зерендинскому району управления образования Акмолинской области»

СоцСети

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Сыңғырла, күміс қоңырау!

27.05.2021

Жиырма бесінші мамыр күні, кең-байтақ Отанымыздың барлық өңірлеріндегі білім ұяларында күміс қоңыраудың сыңғыры естіліп, жұртшылық түлектерге сәт сапар тіледі. Он бірінші сыныпты бітірушілер өмірге жолдама алып жатса, мектеп табалдырығын өткен жылы алғаш аттаған бүлдіршіндер бір сатыға көтеріліп, ата-ананың, ұстаздар қауымының көз қуанышына айналды.

Соңғы қоңырау басталған кездегі үш толқын ұрпақтың: ата-аналар мен ұстаздардың, оқушылардың жүздеріндегі алаулаған шаттықты, көздеріндегі шуақ­ты нұрды, көңілдеріндегі алабұртқан сезімді көргенде, кімнің де болса жан дүниесі толқымай тұра алмайды. Әсі­ресе, тәуелсіз еліміздің Гимнін шырқаған сәтте, сарбаздай сап түзеп тұрған оқу­шы­лар, оң қолдарын жүрек тұсы­на қойып, әуенін әсем үнд­ерімен әуелете айтқанда, керемет бір толқын кернеп кеткендей болды.


         Биыл  мектеп бойынша 288 оқушы сабақтарын аяқтаса, олар­дың 30 оқушы негізгі мектепті тәмәмдаушы, ал  13 оқушысы мектеп түлектері болып саналады.
Араға жылдар легін салып,кеше ғана бүлдіршін болып мектеп табалдырығын аттаған ұл-қыздарымызды жүйрік уақыт түлек етіп ұясынан ұшырғалы тұрған түлектерімізге  арнап мектеп директоры Эльмира Майданқызы Халелова  құттықтау тілегін білдірді. Түлектеріміз сынып жетекшілеріне алғыстарын айтса, ұстаздары 11 жыл бойы білім беріп, бозбала мен бойжеткендер қатарына бет алған шәкірттеріне сәт сапар тілеп, қимай қоштасатындарын тілге тиек етті. Сол секілді ата-аналар атынан сөз алған Зағила Кабдрахманқызы Досанова  да ұстаздар еңбегін жоғары бағалап, қашанда алтын ұядағы білім мен тәрбие алдағы уақытта өз жемісін беретініне сендірді. 
Күміс қоңырауды мектеп түлектері Альнадир Манатұлы және Айдын Мерекеқызы соғып, шаттықтың құшағында ұрпақтар сабақтастығының әдемі көрінісін жұрттың көз алдынан өткізді. Осы бір сәттегі ән әуезі қалықтап, ол қоштасу вальсіне ұласты. 

 

Просмотров: 355


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст