Текст
М.Ғабдуллин атындағы мектеп-гимназиясында Lesson Study зерттеу сабақтары өтіп жатыр. Мақсаты: Сабақ барысын жан-жақты зерттеу арқылы оқыту әдістерінің тиімділігін анықтау. Әртүрлі оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, олардың білім деңгейін арттыруға жағдай жасау. Командалық жұмысты дамытып, педагогтардың бір-бірінен үйренуіне мүмкіндік беру. 4 "А" сынып мұғалімі Умурбекова Г.А. "Мамандықтың бәрі жақсы" тақырыбында қазақ әдебиетінен сабақ өткізді. Бақылау нәтижелері шығарылып, Сабақты талдауда мына аспектілер қарастырылды: оқыту әдістерінің тиімділігі,
оқушылардың реакциясы, мұғалімнің кәсіби дағдылары. Соңында алдағы өткізетін сабақтарға ұсыныстар айтылды. Сәттілік!